Бүркіт қолға алған жеке кәсіптері туралы ашық әңгімеледі

Жұма, 8 Шілде , 2016 15:09

Бүркіт өзінің көлік жуу салоны, көлік мектебі, мейрамхана сынды жеке кәсіптері туралы ашық әңгімеледі. Мұнымен қатар, тапқан ақшасының қайда жұмсалатындығын айтып берді.

13151242_274520039553963_83832802_n

Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kzСұхбат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүркіт Алматыға Тараз қаласынан 1999-2000 жылдары келген. Ол уақытта астында ВАЗ 21099 көлігі, қалтасында 500 теңгесі ғана болған. Алып қалаға келгендегі мақсаты – продюсер іздеу. Евгений Жагалтаевты өзіне продюсер болдыруға көндіре алмай соңынан бір жыл уақыт жүреді. Ақырында келісіп, алғашқы бейнебаянын шығарған.

“Құдайға шүкір, ағаларым бар. Бірақ олар маған “Таразға қайт, Алматыда не жоғалттың?! Келіп әке-шешеңе қарайла” деп айта беретін. Мен көнбей қойдым. Алматыда әнші боламын деп 2-3 жыл жүрдім. Аптасына 15 мың теңге тапқаныма қуанатынмын. Сондықтан бүгінгі танымалдылық маған аспаннан түскен жоқ деп айта аламын.

Барлығы адал еңбегімнің арқасында келді. Ешкімге қарыз емеспін. Мұны менің концерттен концертке жүгіріп терлеп, бір жерде костюмімді ұмытып күйзеліп жүргенімді көрген достарым жақсы біледі. Жағымсыз пікір жазатын адамдар қолынан келсе осылай жасап көрсін”, – дейді ол.

Бүгінгі таңда әнші Айша есімді арумен көңіл жарастырып, екі ұл тәрбиелеп отыр. Ол жарын таза көңілі үшін жақсы көретінін айтады.

“Сырттай өтірік күліп тұрған адамды халық бірден байқап қояды. Халық Айшаның мінезі мен биі үшін жақсы көреді. Ал мен жарымның мінезін жақсы білемін. Тек шындықты айтып жатырмын. Ол ешқашан біреуге артық сөйлемейді, арамдық ойламайды. Мен де оны осы қасиеттері үшін жақсы көремін. Екеуіміз бір жақсы тандем болып, жұлдызды жұп құрдық”, – деп Бүркіт жарын мақтап алды.

Жуырда салық комитеті салықтан жалтарған әншілердің тізімін жариялаған болатын. Олардың қатарында Бүркіттің де есімі аталды. Десе де әнші отандық журналдардың бірі өзінің табысы туралы жалған ақпарат бергенін айтады.

“Салықтан қашамыз деп айта алмаймын. Комитетке барып біраз әңгімелестім. Өйткені олар әлгі журналдағы ақпаратқа ғана сүйеніп отыр. Ал ол журнал біздің не істеп жүргенімізді қайдан білсін. Жарнамаламау үшін атын атағым да келіп тұрған жоқ. Әрине, әншілердің салық төлегені дұрыс.

Біз осы жердің қара топырағын басып, нанын жеп жүргендіктен, кішігірім көмек болғанын қалаймыз. Енді ЖК ашып, салықты заңды түрде төлейтін болдық. Бұл осы уақытқа дейін төлемей келдім деген сөз емес. Өзімнің жеке кәсіптерім бар. Мысалы, көлік жуу орталығы, көлік мектебі.

Бірақ оларды былтыр сатып жібергенмін. Жуырда мейрамхана аштым. Ел бізді күректеп ақша тауып жатыр деп ойлайды. Шетелге шықсақ болды қызғанатындар да бар. “Біздің ақшамызды алып шетелде қыдырып жүр” деп ұятты сөздер айтатындар ызаңа тиеді. Алла кешірімді ғой. Сондықтан біз де кешіреміз”, – дейді ол.

Мұнымен қатар, әнші кірген табыстың қалай шығатынын баяндап берді. Десе де, бір тойдан 3-4 мың АҚШ долларын алатынын жасырмады. Ол жаңа ән жазу үшін 350 мың теңге кететінін айтады. Румыния елінен 3-4 мың АҚШ долларына ән сатып алған кезі де болған екен.

“Сахналық киімнің өзіне көп ақша кетеді. Қыз балаға киім таңдаудың қиын екенін жақсы білесіздер. Сапасы төмен, көрінісі нашар болғандықтан, Қытай киімдерін тағы кие алмайды. Артынша өзің де киім аласың. Оған да ақша керек.

Жуырда қазақстандық сапалы бейнебаяндарды ротациялайтын тегін арна ашылды. Бұл үшін өте қуаныштымын. Өйткені ротацияның өзіне 700-800 мың теңге кетіп қалады ғой”, – дейді Бүркіт.

Әншіні көп толғандыратын мәселе балалар тәрбиесі екен. Ол олардың иманды болып өсуі үшін барлығын жасайтынын айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт алғаш рет туған інісін көрсетті

Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Айша: Қорғансыз әйел әуретті жерлерін көрсетуге құмар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру

Бүркіттей болып алыңдар,дұрыс пікір жазбайтындар.Бүркіт сен атыңа сайсың,аспанда халықтай бер қазағымыздың даңқын шығарып.Жердегілер көре алмайтындар.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар