Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Бірқатар атақты боксшылар «Трипл Джидің» «Миракл Мэннен» ұтылғанын мәлімдеді.

de1cf2f543523f406b136432844b75e0

Бокс жұлдыздары «Твиттер» әлеуметтік желіде Головкин – Джейкобс кездесуіне қатысты пікірлерін айтты.

«Джейкобс өте сауатты жұдырықтасты, оның кездесуге «геймпланы» жақсы болды. Жекпе-жек өте тартысты өрбіді. Міндетті түрде матч-реванш қажет», – деді Пол Малиньяджи, деп жазады prosports.kz.

«Әділетсіздік! Менің ойымша, Дэнни жеңіске жетуі тиіс еді», – Питер Куиллин.

«Трипл Джи» тізгінді өз қолында ұстамағанын білді. Оның жекпе-жектен кейінгі түрің көрдіңіздер ме?», – Остин Траут.

«Керемет жекпе-жек!», – Теренс Кроуфорд.

«Бұл тамаша бокс кеші болды! Джейкобс батыр сияқты жұдырықтасты», – Габриэль Росадо.

«Дэниел Джейкобсқа үлкен құрмет», – Серхио Мора.

«Гонсалестен жеңісті жұлып алды, ал Джейкобс Головкиннен мықтырақ болды», – Абнер Марес.

«Қос боксшы да ұлы жекпе-жек өткізді!» – Шугар Рэй Леонард.

«Джейкобс Головкинге қарсы тамаша кездесу өткізді. Қос боксшыны да керемет жекпе-жекпен құттықтағым келеді!» – Адонис Стивенсон.

«Джейкобстың сұмдық өнеріне тәнті болдық! Головкинге құрмет, бірақ бүгін Дэниелдің кеші болды», – Андре Берто.

«Головкин мен Джейкобсты құттықтаймын. Мұндай жекпе-жек үшін алғыс айтамын. Боксты неліктен жақсы көретінімізді тағы бір мәрте дәлелдеңіздер», – Оскар де ла Хойя.

«Дэниел Джейкобс керемет жекпе-жек өткізді. Головкин сәл басымдықпен жеңіске жетті. Бірақ менің ойымша, тең нәтиже тіркесе де болар еді. Матч-реванш қажет деп ойлаймын», – Шейн Мосли.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жанкүйердің Головкин-Джейкобс айқасына тіккен 4 млн теңгесі күйіп кетті

Назарбаев Головкинді бүгінгі жеңісімен құттықтады

Димаш: Мен өзімді «Singer» жобасының жеңімпазымын деп айта аламын

Талқылау