Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш: Мен өзімді «Singer» жобасының жеңімпазымын деп айта аламын

Қытайдың «Singer 2017» байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген осы елдегі танымал Sina сайтына қазақша сұхбат берген еді.

001

Жас әнші күніне бір миллиардтан астам адам оқитын Sina сайтының тілшісіне Қытай елінде алған әсерлерімен, байқауға қалай қатысып жатқаны, жобаның ерекшелігі мен өзге байқауларға ұқсастығы, өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтыны, қытай тілінің қиындығы және алдағы жоспары жөнінде айтып берген. Сондай – ақ, өзін әлемге танытқан «Singer» жобасына, қытайлық әріптестеріне, байқауды ұйымдастырушыларға және өнерін жоғары бағалайтын тыңдармандарына алғыс айтқан. Қытайдың шоу-бизнесін жоғары бағалап, өзін қолдайтын қытайлық әншілерге және осы елдегі жанкүйерлеріне қатысты жақсы пікірде екенін жеткізді.

«Мен өзімді «Singer» жобасының жеңімпазымын деп айта аламын.Тіпті мен екінші айналымнан шығып кетсем де, жеңімпаз болған болар едім. Өйткені, осы жоба арқылы көп тыңдарман таптым. Көптеген елдерде менің атым шыға бастады. Осы жобада менің ең басты мақсатым орындалды деп айтуға болады. Сол себепті мен қазіргі күннің өзінде жеңімпазбын. Ұйымдастырушыларға және жобаның продюсерлеріне үлкен-үлкен, шексіз алғыс айтқым келеді. Менің бағымды ашты. Енді жоба аяқталуға сәл-пәл қалды. Әрмен қарай тырысып бағамыз. Осы жобада кім жеңіп кетсе де, менің ойымша бәрі оған әбден лайық. Жобаның бастапқы айналымдарында шығып кеткен әншілер де жеңімпаз. Өйткені, өздеріңіз қарап отырсаңыздар, бәрі қарапайым, тамаша әнші. Адами тұрғыдан тамаша. Сол  себептен, біз бәріміз де жеңімпазбыз. Осы «Singer» жобасының барлық қатысушысы жеңімпаз»,- деп ағынан жарылды Димаш.

Sina сайтының Sina Weibo (твиттердің баламасы) әлеуметтік желісіне жүктелген видеоны төрт сағатта 1 миллион 800 мың адам көрген.

Талқылау