Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жанкүйердің Головкин-Джейкобс айқасына тіккен 4 млн теңгесі күйіп кетті

Қазақстандық жанкүйердің кешегі өткен Головкин – Джейкобс айқасы үшін бәске тіккен 4 миллион теңгесі күйіп етті.

20170319163735

Спорт жанкүйері  әлеуметтік желіде Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне 4 миллион теңге бәс тігіп, қойылған чектің суретін жариялаған болатын.

Ол төрт раундқа бәс қойған.  Оның барлығы Головкиннің пайдасына, яғни төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші раундтарда Головкин америкалық қарсыласын нокаутқа жібереді деп болжам жасаған. Барлығына ол бір миллионнан қойып, төрт миллион теңге жұмсаған.

Головкин төртінші раунда жеңеді дегенге – 9 коэффициент, бесінші раунд – 8 коэффициент, алтыншы раунд – 8 коэффициент, жетінші раунд – 10 коэффициент берілген.

Ол осылайша Головкин  аталған раундтарда жеңіске жетсе, ірі ұтысқа кенелмек болады.

Өкінішке қарай бұл «құмарпаздың» ойлағаны оң нәтиже бермеді. Головкин 12-раундта ұпай санымен жеңіске жетіп, оның ұтысқа салған 4 миллион теңгесі қас-қағым сәтте «күйіп» кетті.

Талқылау