Талдықорғанда 30 жастағы әйел құны 356 мың теңге тұратын аяқ киімдерді ұрлап кеткен

Жұма, 14 Сәуір , 2017 12:17

Талдықорғанда 30 жастағы әйел жалпы сомасы 356 мың теңге болатын бірнеше жұп аяқ киімді ұрлап кеткені үшін ұсталды.

9595

Оқиға қаладағы аяқ киім дүкендерінің бірінде болған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Ұрлығы үшін күдікке ілінген әйел қазір тұтқында отыр.

Күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізгеннен кейін құқық қорғаушылар оның тағы төрт ұрлық ісіне қатысы бар екенін анықтаған. Ол ұрлық әрекеттерін биылғы жылы киім дүкендері мен сауда үйлерінде жасаған.

“Осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін күдікті бұрында қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бес дәлелденген факті бойынша жалпы шығын 1 миллион теңгені құрап отыр. Қазір ол ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 128 бабы бойынша айыпталып отыр”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Бірден үш қызға үйленген елордалық жігіт жұртты дүрліктірді (видео)

Халыққа 10 сотық жер беру мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызылмақ

Алматыдағы университет жатақханасында көз жұмған студент жер қойнына тапсырылды

Қызы өгей анасының әкесін дуалағанын айтып жылады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар