Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таксиші әйел: Банкте істеп жүріп қысқартылдым. Осы жұмысым өзіме ұнайды

Көлік тізгіндеген әйелді көрген адам: «такси жүргізушісі болу – әйел затының табиғатына жат іс», – деп қабылдауы мүмкін. Алайда, бұл кәсіпті екінің бірі еріккеннен алып жүрмегені анық. Бакуде көбісі күнкөріс қамы үшін,-деп жазды 24.kz.

такси

Мысалы, Халида Бабаева. Бұрын банкте қызмет еткен. Қысқартуға іліккен соң лайықты жұмыс орнын таба алмаған. Баланың оқуын төлеп, мойнындағы несиесін жабу үшін рөлге отыруға мәжбүр.

«Техника жағын білу сонша маңызды емес, шақырғанда көмекке келетін достарың болса жеткілікті, – дейді ол.

« Көлікті қалай жөндеп, сынса, не істеу керек екенін білмеймін. Қажет болғанда техникалық қызмет көрсететін арнайы орындарға барамын. Бір рет дөңгелегім жарылып, жолда қалғаным бар. Достарыма қоңырау шалып, жағдайды айттым. Олар келіп ауыстырып берді. Әйел адамы болғандықтан, әрине, ол мен үшін қиын шаруа. Көлік жөндеу қыздардың қолынан келе бермейтінін мойындаймын»,-дейді такси жүргізушісі Халида Бабаева.

Ошақ ұйытқысы болған такси жүргізуші-әйел бала тәрбилеп, қызметін атқарып жүрсе де қауіпсіздік мәселесін естен шығармайды. Себебі бұл қауіпті кәсіптердің бірі.

«Кешкі 21:00-ден кейін жұмысқа шықпауға тырысамын. Әсіресе жұма, сенбі күндері. Себебі бұл күндері көп адам түнгі клубтарға барып ішімдік ішеді. Ал, ішкен адам қауіпті. Мейлі, әйел болсын, ер адам болсын. Маған шетел азаматтарымен жұмыс істеген ұнайды. Осы жұмыстың арқасында Қазақстаннан келген бір әйелмен таныстым. Қазір Facebook желісінде араласып тұрамыз»,-дейді такси жүргізушісі Халида Бабаева

Көп жағдайда ерлер жағы көлік тізгіндеген қыз-келіншектерге аса құрметпен қарап жатады. Тіпті таксиде келіп тұрған кезегін ұсынып, жол береді.

Фатима Гасанзаденің лондондық кэбқа отырғанына бес жыл болыпты. Бәрінен бұрын кәсібім өзіме ұнайды. «Рөлде отырған ерлерге үйренген жолаушылар да қызық көреді», – дейді ол.

«Жұмысым қауіпсіз. Жұмыс кестесі де тиімді. Клиенттер қуана отырады. Бірде-бір жан мені ренжітіп көрген емес. Көліктен түсіп бара жатып, қоштасарда ізгі тілектерін айтып кетеді. Бұрын көлігім ақшыл көк болатын, қазір алқызыл түсті. Көліктің нөмірі де жақсы»,-дейді такси жүргізушісі Фатима Гасанзаде.

Статистика бойынша, Бакуде такси көліктерін жүргізетін 10 әйел бар. Олардың дені қысқартуға ұшырап, кәсібін өзгертуге мәжбүр болғандар. Ерлер атқаратын ауыр жұмыспен айналысуға тура келсе де, олар қиындыққа мойымайды. Керісінше, таңдап алған кәсібіне жан-тәнімен беріліп, пайдасын көріп жатады.

Оқи отырыңыз:

Белсенділер Алматы аруларына гүлді ерекше жағдайда сыйлады (видео)

ОҚО-да ең ұзақ жасаған ананы облыс әкімі үйіне барып құттықтады (фото)

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

ШҚО- тұрғыны таудан қап толы алтын тауып алды (фото)

4 әйелімен бір шаңырақта тұратын қарағандылық мерекеде оларға не сыйлағанын айтты

Талқылау