Тағы да оқушы өлімі: Шымкентте 8-сынып оқушы асылып қалды
Шымкентте тағы бір оқушы өлімі тіркелді. Бұл соңғы күндерде болған екінші оқушы өлімі.
8-сынып оқушысы малға шөп салу үшін қораға кетіп, қайта оралмаған. Анасы үйіне қайтпаған баласының соңынан алаңдап, қораға іздеп барады. Қорадан баланысынң асылып тұрғанын көреді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкенттегі №113 мектептің 8 сынып оқушысы А.З. бірден ауруханаға жеткізілгенімен аман қалған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Шымкентте 10 ақпанда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала өз үйінің артқы ауласында асылып өлген. Туыстарының айтуынша, бала мектепте қатарластарымен болған қақтығыстың салдарынан осындай әрекетке барды деп отыр. Қайтыс болған Ерсұлтан Ахметов сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болмаған.
Тағы да оқыңыз:
Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі
Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)
Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр
Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
