Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің әнін еншілеп алды (видео)

2000 жылдардың басында хит болған әндерге жаңа дем беріп, елге ұсыну сәнге айналғандай. Иә, соңғы кездері Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков сынды танымал өнер иелерінің әндеріне көз салып жүргендер баршылық, деп жазады Stan.kz.

Бірнеше ай бұрын Қуандық Рахым мен Мөлдір Әуелбекова Тоқтар мен Бейбіттің репертуарындағы “Ғашықтар сыры” әнін ел назарына ұсынды. Ал күні кеше Төреғали мен Мөлдір Әуелбекова бір кездері Мейрамбек Бесбаев Сандуғаш Стамғазиевамен бірге орындаған “Сен болмасаң” әніне клип түсірді. Іле-шала Тоқтар мен Бейбіттің кезекті әні “қолды болды”.

Нақтырақ айтсақ, Гүлнұр Оразымбетова мен Жігер Ауыпбаев бір кездері хит болған “Өзің ғана” әніне жаңа тыныс беріп, су жаңа бейнебаян түсірді. Ендеше тамашалап, бағасын бере отырыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтеков Алматыда үлкен концерт бермек

Жанар Айжанова мен Мөлдір Әуелбекова Шімән апаның клипіне түсті (видео)

Отандық шоу-бизнесте Жанар Дұғаловадан аумайтын әнші пайда болды

Өздерін элита санайды: Абай Бегей қазақтілді әншілерді менсінбейтін қазақстандық әншілерді атады

Талқылау