Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков Алматыда үлкен концерт бермек

Қайрат Түнтеков Алматы қаласында үлкен концерт бермек. “Алматы-Аренада” өтетін жеке ән кешін Қайрат наурыз айына жоспарлап отыр.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тыңдарманымен сағына қауышқан Қайрат жеке ән кешін жанды дауыста өткізуді жоспарлап отыр. Ол концерттен кейін халықаралық байқауға аттанбақ ниетте. Бұған дейін Түнтеков Америкаға баруы мүмкін екенін де айтқан еді.

“Концерт жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін. Жанды дауыста ән айтып қана қоймай, дыбыс пен жарықтың ерекше болғанын қалап тұрмын”, – дейді Түнтеков.

Еске сала кетейік, жуырда Қайрат отандық “Im A Singer Kazakhstan” жобасында жеңіске жеткен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Жанар Айжанова мен Мөлдір Әуелбекова Шімән апаның клипіне түсті (видео)

Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

RinGo тобының әншісі екінші рет әке атанды

Өздерін элита санайды: Абай Бегей қазақтілді әншілерді менсінбейтін қазақстандық әншілерді атады

Талқылау