Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Т” әрпінен емес: Төреғалидің үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды

Жуырда қазақ эстрадасындағы қос бірдей танымал әнші қызды болды. Ол – Бүркіт пен біраз уақыттан бері ел аузынан түспей жүрген Төреғали. Бұл орайда Бүркітті қызды болуымен құттықтаған қазақ өнерінің өкілдері, Төреғалиге келгенде сараңдық танытқан көрінеді.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Төреғалидің сахналық әріптестері Бүркітті жарыса құттықтағандай белсенділік таныта қоймаған.

“Төреғалиге бауы берік болсын айтып, хабарласқан едім, шетелде жүр екен. Әншілер көп құттықтамады Instagram арқылы. Бүркітті бәрі құттықтап жатыр, біздің ұлды ешкім құттықтамады деп ренішін білдірді”, дейді журналист Анна Данченко.

Бұл орайда Бүркіттің қуанышына арнайы келген Мақпал Жүнісова Төреғалиді не себепті құттықтамағанын түсіндірді.

“Мен естіген жоқпын. Қазір өзім көңіл-күйім болмай, ренжіп жүрмін. Себебі Instagram арқылы 7-8 жыл бұрын болған оқиғаларды дайректке жіберіп жатыр. Көңіліме алып қалдым да, телефонды өшіріп тастадым. Қуаныш деген, қыз деген жақсы. Төреғалидің әйелі үш қыз туды, бірден жұмаққа баратын болды. Төреғали бауырымды құттықтаймын, қызыңның бауы берік болып, артынан енді үш ұл ерсін. Біз соған тілектеспіз. Қыздарды қорғайтын, қамқоршы болатын азаматтар дүниеге келе берсін. Төреш, шын жүректен құттықтаймын. Мен сенімен біргемін”, – дейді Мақпал Жүнісова.

Сол сияқты Ақбота Керімбекова да Төреғалиге тілекші екенін, алайда оны құттықтап үлгермегенін жеткізді.

Ал бұл орайда Төреғалидің үшінші қызына Фатима деп есім бергені белгілі болды. Бұған дейін қыздарының есімін тек “Т” әрпінен қойып келген Төрештің бұл әрекетін Мақпал Жүнісова қолдап отыр.

“Фатима деген жақсы есім. Біздің ұлы есімдеріміздің бірі. Өзі Меккеге барып келді. Сондықтан да бұл дұрыс бастама. Енді осыдан кейін бірден ұлдар келетініне мен сенімдімін. Алладан сұрағандай болып отыр ғой. Адам Алладан сұраса, құлшылық етсе, алдында бәрі жақсы болады деген сөз”, – дейді ол.

Тағы оқыңыз: 

Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты

Танымал актер Рахман Омар ұлды болды

Ауырып, төсектен тұра алмай қалған Ерке Есмахан жанкүйерлерін алаңдатып қойды

Жүректі қозғады: КешYou-дің экс-әншісімен клип түсірген Керменбаев актерлік шеберлігімен таңғалдырды (видео)

Талқылау