Танымал актер Рахман Омар ұлды болды
Танымал актер әрі тележүргізуші Рахман Омар ұлды болды. Өнер иесінің жары Ақмарал Дайрабаева бүгін, яғни мамыр күні босанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сүйінші хабарды елге Айман Нұразхан жеткізген.
“Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн, Ахмашымыз аман-есен Рахман ағама ұл сыйлаған күн! Бауы берік болып, бір Аллам жар болсын. Құтты болсын”, – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, актриса Ақмарал Дайрабаева – Рахман Омардың екінші әйелі. Қос өнер иесінің Ғажайып және Абдрахман есімді балалары бар. Бұған дейін, Рахман Омар шын мәнінде екі әйелдікке қарсы екенін, ал алғашқы жарымен заңды түрде ажырасқанын айтқан еді. Сондай-ақ, актер алғашқы некесінен туған балаларына қамқор екенін де атап өткен.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды