Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүректі қозғады: КешYou-дің экс-әншісімен клип түсірген Керменбаев актерлік шеберлігімен таңғалдырды (видео)

Сараның КешYou-ден кеткені жақсы болды! Ал Керменбаев актер ретінде ашылған! – Капкарашка мен Сара Амангелдінің су жаңа дуэтін тамашалаған жұрт дәл осылай деп пікір білдірді. Иә, “Доғар” әніне бейнебаян таспалаған Нұржан мен Сараның бұл қадамы сәтті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жүректі қозғады КешYou-дің экс-әншісімен клип түсірген Керменбаев актерлік шеберлігімен таңғалдырды (видео)

Дуэт айту туралы ұсыныс Сара Амангелдінің тарапынан түскен. Кезінде КешYou тобында ән салған бикеш Нұржанның орындауындағы дәл осы әнді естігенде, ерекше күйге бөленген. Тіпті, Капкарашканың аталған әнді өзге әншімен орындайтыны Сараны тоқтатпаған. “Доғар” әнін Нұржан бұған дейін шәкірті Шоқан Уәлиханмен бірге орындағанын айта кетейік.

Көп ұзамай, келісімін берген Керменбаев шәкіртінің алдынан өтуді де ұмытпаған. Алғашқы орындаушысы болғандықтан, Шоқанның “ақ батасын” алуды жөн деп шешкен. Нәтижесінде ел көңілінен шыққан туынды жарыққа шығып отыр.

Айта кетейік, 8 мамыр күні желіге жүктелген клипті небәрі 2 күнде 160 мыңнан аса жан тамашалап үлгерген. Желі қолданушыларының басым бөлігі дуэттің сәтті шыққанын айтып, жұлдызды жұпқа сәттілік тілеген.

Тағы оқыңыз: 

“Тек қана қыздар” командасындағы Мереке өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты (фото, видео)

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті (фото, видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Қазір майтабан, жүрегі ауырады деген сылтаулардың, өтірік анықтамалардың жазасы ауыр, айыппұлы үлкен

Баян да, Ақбота да өздері кетті: Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

Талқылау