Түркияда төңкеріс жасамақ болған бүлікті бастаушы негізгі адам тұтқындалды

Сенбі, 16 Шілде , 2016 23:08

Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған бүлікшілердің көшбасшысы бұрынғы бас қолбасшы, генерал Акын Озтюрк қолға түсті.

1467084037

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Түрік баспасөзі хабарлауынша Озтюрк АҚШ-тағы оппозициялық исламдық жолдағы Фетхуллах Гюленмен байланыстағы адам болуы мүмкін. Гюленді Түркия билігі төңкерістің негізгі ұйымдастырушысы ретінде атауда. Бұған дейін Балыкесирде генерал-лейтенант Ысхақ Дайыоғлы да ұсталған еді.

Түрік құқық қорғаушы органдары төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 2,8 мың адамды ұстады. Оның ішінде орта және жоғарғы шендегі әскерилер де бар. Алдын ала деректер бойынша төңкеріс кезінде 160-тан астам адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Түркия билігі елде әскери төңкеріс әрекеті болғанынмәлімдеген. Қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат түспеді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы ел азаматтарын халық көп шоғырланған орындарға бармауға және барынша сақтық жасауға шақыруда.

Бұған дейін Түркия президенті Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, ұйымдастырушылардың қатаң жазаланатынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда елімізден Түркияға ұшатын барлық әуе рейстері шегерілді және Түркиядағы қазақстандықтар үшін маңызды телефон нөмірлері жария етілді. Сондай-ақ, Ыстамбұлдағы “Хабар” тілшісіТүркиядағы жағдай туралы баяндап берген болатын.

Еліміздің инвестиция және даму министрлігі курортты қала Антальяға ұшатын рейстерге рұқсат берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар