Қазақстандық азамат: Түркиядағы адамдар танктердің жолын кесу үшін көшелерге шықты

Сенбі, 16 Шілде , 2016 12:03

Түркия Республикасындағы “Хабар” арнасының меншікті тілшісі Ержан Жүніс Түркиядағы әскери төңкеріске орай орын алып жатқан оқиғалар туралы баяндап берген еді.

Tanks move into position as Turkish people attempt to stop them, in Ankara, Turkey, early Saturday, July 16, 2016. Turkey's armed forces said it "fully seized control" of the country Friday and its president responded by calling on Turks to take to the streets in a show of support for the government. A loud explosion was heard in the capital, Ankara, fighter jets buzzed overhead, gunfire erupted outside military headquarters and vehicles blocked two major bridges in Istanbul. (AP Photo)

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер кеше кешкі уақытта басталған.

“Ешкім бұлай болады деп ойлаған жоқ. Мен бұл уақытта кешкі асымды ішіп отыр едім. Ең бірінші ақпарат Твиттер әлеуметтік желісінде пайда болды. Осы әлеуметтік желіні пайдаланушылар түнгі сағат 22.00 шамасында Анкараның үстінен әскери ұшақтар ұшып жатқандығын, Ыстамбұл қаласында екі көпірдің жабылғандығын жазды.

Кейін, әскерилердің Түркия Президентінің резиденциясын басып алғандығы жайында ақпарат пайда болды.

Бүлікшілер тобы мұны әскери төңкеріс деп мәлімдеді. Бұдан кейін, 15-20 минуттан кейін алғашқы мәліметтер пайда бола бастады. Адамдар әлеуметтік желі мен телеарналық хабарларды мұқият бақылап отырды”, – деді Е. Жүніс.

Одан әрі Түркияның рейтингтік NTV телеарнасының тікелей эфиріне телефон арқылы Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым шықты.

Ол болып жатқан оқиғаға әскери төңкеріс деп баға беруге болмайтындығын айтты. Премьер халықты тыныштыққа шақырып, қазір жағдайдың тұрақталғандығын, барлығы бақылауға алынғандығын, кінәлілер жазаға тартылатындығын мәлімдеді.

13731513_1053296664718760_5453826132598823537_n

“Бірақ, кейін жағдай шынында да қауіпті бола бастады. Көп ұзамай Президенттің өзі Skype арқылы тікелей эфирге шығып, шын мәнісінде ел қарулы күштерінің белгілі бір әскерлері билікті басып алуға әрекет жасағандықтарын, осылайша опасыздыққа барғандарын мәлімдеді.

Ол халықты орталық алаңдарға, әуежайларға шығып, бүлікшілердің әрекетіне наразылық білдіруге шақырды. Осы уақытта Ататүрік әуежайы секілді стратегиялық маңызы бар нысандарға танктер жылжи бастады.

Ұлттық барлау ғимаратының алдында қарулы қақтығыс болды. Төңкерісшілер оны басып алғысы келді.

Олар Ыстамбұлдағы Ішкі істер басқармасын да басып алғысы келіп, ол жаққа танктерді бағыттады. Халық Президенттің мәлімдемесінен кейін, көшелерге, алаңдарға шығып, танктердің өтуіне жол бермеді”, – деді отандасымыз.

Ал бүлікшілердің мәлімдеуінше, олар жемқор билікті тақтан тайдыруға тырысқан.

“Ең қызығы, Түркияның Қарулы Күштерінің ресми сайтында биліктің басып алынғандығы туралы ақпарат пайда болды. Одан кейін, интернет пен әлеуметтік желілер нашар жұмыс істей бастады.

Ал көп ұзамай тұрғындар азық-түлік сатып алу үшін жаппай дүкендерге ағыла бастады. Өйткені, ертеңгі күннің қалай болатыны белгісіз еді.

Бұл уақытта банкоматтар, жанар май құю стансалары және қоғамдық көлік жұмыс істемеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Ыстамбұлдың кейбір аумақтарында жарылыс дыбыстары естіліпті.

Кейін, бүлікшілер Түркия Қарулы Күштерінің басшысы, олардың қолына кепілдікке алынғандығын мәлімдеді.

Таңға қарай оның жағдайы қалай болғаны белгісіз. Премьер-министр егер де кімде-кім әуеге әскери ұшақтарды немесе тікұшақтарды рұқсатсыз көтеретін болса, атып түсірілетіндігін хабарлады”, – деді Ержан.

11182692_850706255002012_2818313722627140051_o

Сондай-ақ, ол Түркия Парламентіне де шабуыл жасалып, 12 адамның жарақат алғандығын жеткізді. Өз кезегінде Қазақстанның консулдығы Түркияда жүрген қазақстандық студенттерді және басқа да отандастарымызды абай болуға, әзірге үйден далға шықпауға шақырды.

“Тағы бір айта кететін жайт, Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік төңкеріс жасалу барысында Мармаристегі қонақ үйден шыққаны сол екен, сол қонақ үйге шабуыл жасалған. Оған екі бомба түсті”, – деді Е. Жүніс.

Еске сала кетсек, Түркия билігі елде әскери төңкеріс әрекеті болғанынмәлімдеген. Қайтыс болғандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар бар екені туралы ақпарат түспеді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы ел азаматтарын халық көп шоғырланған орындарға бармауға және барынша сақтық жасауға шақыруда. Түркиядағы ҚР елшілігі мәліметінше, курортты қалаларда жағдай тұрақты. Бірақ, демалып жатқан қазақстандықтарға қонақүйден шығып кетпеуге кеңес берілді.

Бұған дейін Түркия президенті Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, ұйымдастырушылардың қатаң жазаланатынын айтқан болатын.

Қазіргі таңда елімізден Түркияға ұшатын барлық әуе рейстері шегерілді және Түркиядағы қазақстандықтар үшін маңызды телефон нөмірлері жария етілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар