Түркия премьер-министрі Қазақстанды екінші отаным деп атады
Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Түркия үшін Қазақстан жақын дос екенін, ал жеке өз басы үшін – екінші отаны деп санайтынын айтты.
Сурет Фотохост агенттігінен алынды
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.
“Мен үшін екінші отан, бабаларымыздың отаны – бұл Қазақстан. Осы қызметтің арқасында енді мен сіздерге жиі келемін деп ойлаймын. Қазақстан Евразияның жүрегі саналады. Ал біз үшін ең жақын көрші, ең жақын дос”, – деді Дәуітоғлы кеңейтілген келіссөздер кезінде.
Талқылау