Сыртқы келбеті адам танымастай болып өзгерген жұлдыздар кімдер?
Түр-әлпетін, сыртқы дене бітімін мінсіз ұстау ел алдында жүрген эстрада жұлдыздары үшін өте маңызды. Себебі олар «жұлдыз» аттарына сай болуы үшін әрқашан жарқырап жүрулері тиіс. Байқасаңыздар, эстрада жұлдыздарының басым бөлігі спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанады. Тыңдармандарына да салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
Ендеше сырт келбеті халықтың көз алдында өзгерген жұлдыздарды түгендеп көрелік.
2003 жылы «Super Star» жобасына қатысқан Мақпал Исабекованың сол кездегі түр-әлпеті мен бүгінгі сыртқы бейнесінің айырмашылығы аспан мен жердей.
Талайлардың жұлдызын жаққан “Super Star” жобасына Мақпалмен бірге Айқын Төлепберген, Алмас Кішкенбаев та қатысқан еді. Естеріңізде болса, жобаның алғашқы маусымында Кішкенбаев жеңіске жетті.
Бұл жоба қазақ эстрадасына Әсем Жакетаева мен Гүлнар Сильбаеваны қосты.
Жобаға қатысқан өнерпаздар араға 10 жыл салып кездесті. Өздеріңіз байқағандай, олардың түр-әлпеттері мүлдем өзгеріп кеткен.
Мына суреттен Ділназ Азмадиева мен продюсер Алуа Қонарованы тауып көріңіз.
17 жыл бұрын Қыдырәлі мен Қарақаттың түрлері осындай болған.
Ал мына суретте бүгінде ел ағаларына айналған өнерпаздар түгел жиналған. Марат Омаров, “АБК” тобы, Ақжол Мейірбековтерді таныдыңыздар ма?
Бүгінде журналистика саласының майталмандарына айналған танымал тұлғалар – Динара Сәтжан мен Гүлнұр Мамассарипова да осында.
Мөлдір Әуелбекованы да шоу-бизнес әлеміне “Super Star” жобасы қосқан еді.
Суреттер әлеуметтік желілерден алынды
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев: Менің орныма «МузАртқа» Саят Медеуовті алғысы келген
Мақпал Исабекованың анасы: Қаным ұйғыр болса да, санам қазақ
Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді