Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Менің орныма «МузАртқа» Саят Медеуовті алғысы келген

Мейрамбек Беспаевтың оқушы кезінде-ақ ел алдында ән айтқаны ел есінде. Жетім баланың мұңын айтып, «Бозторғайлатқан» әнші талайлардың көз жасына себепші болған еді. Ол Мейрамбек өсті, жетілді. Киноға түсті. Кейіннен Тоқтар Серіков, Сандуғаш Стамғазиева, Жанар Айжанова сынды бірқатар әншілермен дуэт жаздырды. Алайда оның нағыз жарық жұлдызы «МузАрт» тобы құрылғаннан кейін жанды. Топ қалай құрылды? Бұл туралы 15 жылдық тарихы бар «МузАрт» тобы «Қазақстан» арнасының «Дара жол» бағдарламасында айтып берді.

музарт_17

Студент кезден бір-бірін танитын киелі Әулие ата өңірінің тумалары Мейрамбек Беспаев пен Мақсат Базарбаев алғашқыда дуэт құруды ойға алған. Ойлана келе, бұрынғы дуэттерін ескере келе жаңашылдық іздеген Мейрамбек трио құруға ұсыныс жасаған екен. Екеуі келісіп, үшінші әншіні іздей бастаған. Ақылдаса келе ерекше қоңыр үні бар Саят Медеуовке тоқталған.

«МузАрт» деген намыстан жаралған топ. Олай дейтініміз тек ана тілінде ән шырқайтын әншілердің басын біріктіру туралы алдымызға мақсат қойылды. Содан кейін топ құрылды. Оған дейін топтың мүшесі болып Мейрамбек пен Мақсат «сайланған». Ақырында үшінші әнші керек деп шешіп, адам іздеуге кіріседі. Сол кезде жігіттер Саят Медеуовке тоқталуды ұйғарады. Кейін үшеуі ақылдаса отырып бұл топқа эстрадалық әнші, даусы ашықтау тенор керек деп шешеді. Сол кезде Мақсаттың есіне мен түсемін. Студент кезімізде Ерланмен де, Мақсатпен де, Мейрамбекпен де жақсы араласып жүрдік. Арагідік концерттерде, салтанатты кештерде ұшырасып қалатынбыз. Алайда шығармашылық байланыста боламыз деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген. Бір күні көшеден Мейрамбекті кездестіріп қалдым. Жігіттер мені итпен іздеп таппай жүргендерін айтты. Ол кезде ұялы телефон, қазіргідей есеп беріп отыратын әлеуметтік желілер жоқ. Мейрамбекке қай мейрамханада жұмыс істейтінімді айтып кеттім. Кешке жігіттер келіп, ұсыныс жасады. Арасында тек ана тілінде ән шырқап жүрген Сәкеннің сондай қорқынышты акценттермен әртүрлі тілде ән айта беретінін көріп үлгерді», – деді Сәкен Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Қыздардың жүрегін жаулаған «МузАрт live» жобасының серілері кімдер?

Сәкен Майғазиев МузАрттың тарамақ болғанын растады

Мақпал Исабекованың анасы: Қаным ұйғыр болса да, санам қазақ

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Талқылау