Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыздардың жүрегін жаулаған «МузАрт live» жобасының серілері кімдер?

Аз ғана уақыттың ішінде «МузАрт live» жобасы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Тыңдармандар жобаның кезекті шығарылымын тағатсыздана күтетін болды. Сүйікті орындаушылары үшін жанкүйерлік етіп, алаңдап жүрген жан қаншама?! Қысқа қайырғанда, ақын Ринат Зайытов айтқандай, «МузАрттың» ізбасарларын таңдау – барша қазақ халқы үшін тарихи сәт.

muzartlive_01

12 мың қатысушының арасынан таңдалынып алынған жас таланттардың бүгінде небәрі 19-ы келесі кезеңге жолдама алды. Ендеше көрерменнің көзайымына айналған фавориттермен таныса отырайық.

Шоқан Уәлихан

13181300_1739408386296341_1304919016_n

Есімі аталған сәтте-ақ жұрттың назарын аудара білген жігіт өнерден кенде емес. Жобаның өткен аптадағы санында белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың өзі Шоқанның бесаспап өнер иесі екенін айтып өтті. Бірнеше аспапта қатарынан ойнайтын Шоқанның композиторлық қабілеті де бар. Бір айта кетерлігі, Шоқанның өзі үлкен сахнаға енді ғана қадам басқанымен, оның әндері танымал әншілердің (Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова, Луина) репертуарларында бар.

Нұрман Арыстан

nureke09

Нұрманды жұрт «Қазақстан дауысы» жобасынан біледі. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Нұрман Арыстан әр апта сайын төрешілердің жоғары бағасына ие болып жүр. «МузАрт live» жобасына пікір қалдырған тыңдармандардың арасында да Нұрманды ақтық сында көргісі келетіндер көп.

Сұлтан Ахмет

12940866_818595034950588_406442230_n

Ерекше түр-сымбатымен көзге түсіп, қыздар қауымының жүрегін жаулап үлгерген жігіт. Таңқаларлығы да сол, сахнаның көркін келтіріп жүрген Сұлтанның негізгі кәсібі әрі мамандығы – аспазшы. Оның ерекше даусы, дарындылығы әрі тартымды түр келбеті – бәрі-бәрі үйлесіп тұрғандай. Алайда Мейрамбек Беспаев Сұлтанның өзіне өзі тым сенімді әрі өзін асыра жақсы көретіндігін айтып қалды. Мейрамбектің пікірінше, оның басты кемшілігі де осы.

Қуандық Рахым

15034618_153514221783906_4426146351817949184_n

Жеке әнші ретінде өзінің аудиториясын тауып үлгерген бұл өнерпаз «МұзАрттың» ізбасары болуды армандайды. Домбыраның құлағында шебер ойнайтын Қуандық қазақы қоңыр даусымен ерекшеленеді. Өз тыңдармандарын тауып үлгерген оның әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінде 40 мыңнан аса оқырманы бар. Біздіңше, дауыс берер кезеңге жеткенде осы көрсеткіш Қуандықтың өзгелерден асып түсуіне септігін тигізетін сыңайлы.

Райымбек Сатыбалды

rayimbek muzart

Бұл жігітті көпшілік «Кап-карашка» атымен танылған Нұржан Керменбаевқа ұқсатады. Сазгерлік қасиетке ие Райымбек Нұржанға өз әнін ұсынған да көрінеді. Әзірге келіссөздердің немен аяқталғаны белгісіз. Десе де, жоба төрешілері мен тыңдарман қауым Райымбектің өнерін жоғары бағалауда. «МузАрттық» серілер Райымбектің ерекше көңіл-күй сыйлап, сахнада нұрын шашып тұратынын айтып өткен еді. Сәкен Майғазиев Райымбектің, тіпті, мұңлы әрі лирикалық әндерге әр беріп, жарқырата түсетінін айтып қалды. Тыңдармандар пікіріне сүйенсек, Райымбек де фаворит болуға әбден лайықты жігіт.

Қосқанат Көпжасаров

14582425_256911281373071_7660076775166181376_n

Іріктеу кезеңінде Тоқтар Серіковтің орындауындағы «Жүрегім жүрегіңмен езін бе еді» әнін орындап, тыңдармандардың жүрегін елжіреткен Қосқанаттың өнеріне қазылар тәнті. Алғашқы сайыста-ақ Мейрамбек Беспаевтің өзі Қосқанатты әнді орындаушысынан да асыра жеткізгенін тілге тиек етті. Ал Қосқанатты жеке әнші ретінде көргісі келген Кенжебек Жанәбіловті көндіру үшін топтастары біраз тыраштанды. Мейрамбектің өзі: «Сұраймыз, өтінеміз» деп Қосқанаттың әрі қарай өнер көрсетуіне үлес қосқан-ды. Сол сияқты ақын Ринат Зайытов та аталмыш жігіттің артық іс-әрекетке бармаса да, сахнаны нұрландырып тұрғанын айтты.

Иса Әлимұсаев

14714499_1217908154946368_2706905766823985152_n

Өзбекстан елінде дүниеге келген Иса жастайынан «МузАрттың» әнімен сусындап өскен. Қазақы әндерді бойына сіңіріп өскен жігіт еліне оралып, ағаларының ізін жалғауды армандаған. Өз сөзінде тәлімгер Сәкен Майғазиев Исаның өте ұқыпты әрі білімді әнші екенін айтқан еді. Ал тыңдармандар Исаны ақтық сыннан көргісі келетінін жазған.

Бұл жерде біз көрермендердің пікірлері басым болған жігіттерді таңдадық. Десе де, аталмыш жобада бұдан өзге талантты жастар баршылық. Оларды келесі материалымызға арқау ететін боламыз. Ал сіздің фаворитіңіз кім?  Үнсіз қалмаңыз, оқырман!

Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Төреғалидің “Біртүрлі қыз” әнінің плагиат екенін байқап қойды (видео)

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында байқау жариялады

Төреғали Төреәлі Нұрлан Қоянбаевқа костюмін кигізіп кетті

Талқылау