Жұрт Төреғалидің “Біртүрлі қыз” әнінің плагиат екенін байқап қойды (видео)

Әлеуметтік желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің “Біртүрлі қыз” әнін сынап жатыр. Көпшілік аталған әннің шетелден ұрланғандығын меңзеуде.

15035040_664069777086419_124030628214603776_n

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Төреғали Төреәлінің “Біртүрлі қыз” әні тыңдармандарына жол тартты. Әнші аталған әнге арнап бейнебаян да түсіріп үлгерген-ді. Десе де, отандық блогерлердің бірі бұл әннің плагиат екенін айтып жатыр. Осы сөзінің дәлелі ретінде екі видеоны ұсынған екен. Алғашқысы – “Біртүрлі қыз” әнінен түсірілген бейнебаян, кейінгісі Серебро тобының “Перепутала” әніне түсірілген туынды.

“Төреғали тағы бір шетелдік әншінің әнін ұрлап, әрлеп өз әні етіп жасап алған. Мұны кеше байқадым. Бүгін тексерілді. Қателесуім әбден мүмкін. Тыңдап көріңіздер”, – деп жазады Айжан Құлмұханбетова өзінің фейсбук парақшасында.

Блогердің бұл пікірін қуаттап жатқандар да, даттап жатқандар да болды. “Музыка тілінде 4 секундтық үзіндіде бір әннің ноталары екінші әнде қайталанса, ол плагиат болып есептеледі. Музыкаға жақын адам ретінде мұның таза плагиат екенін айта аламын! Ұқсастық көп емес, бұл – дәл сол ән”, “Гаромниясы бетсіз ұрланған. Десе де, ресейлік әншілермен арада келісім болған жағдайда, оларға тиісе алмаймыз”, – дейді Нұрболат Туысбайұлы. Арасында “Бұл әнді күміс қыздар керісінше Төреғалиден ұрлаған болар” деп әзілдегендер де болды.

Бұл әннің қайдан алынғандығы немесе кімге тиесілі екені бізге беймәлім. Ал сіз жоғарыдағы екі видеодан ұқсастық байқадыңыз ба?


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында байқау жариялады (фото, видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар