Суық тиіп ауырып қалған Назарбаев Баку мен Ереванға бармайтын болды

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 7:00

Отандық дәрігерлер жиі ескерткен тұмау эпидемиясы Ақордаға жетті. Бұл туралы КТК арнасында хабарланды.

406298965

Кеше президент іс басқармасы емханасының ақ халаттылары ең басты пациенттері – Нұрсұлтан Назарбаевқа жұмыстан босап, емделуге рұқсат беретін медициналық анықтама жазып берді. Себебі, мемлекет басшысы суық тиіп сырқаттанып қалған еді.

Елбасының денсаулығына қатысты бұндай ақпараттың Ақорда сайтында алғашқы рет жарияланып отырғанын айта кетейік. Соңғы рет Назарбаев теледидардан елшілерден сенім грамотасын қабылдау сәтінде көрінген болатын. Қазір салқын өткізіп алған Елбасы дәрігерлерге қаралып ем-домын алып жатыр.

Осыған байланысты, президенттің Ақордадағы ресми кездесулері, аймақтар мен шетелге жоспарланған барлық іссапарлары да кейінге шегерілуде. Кеше Назарбаевтың Маңғыстау облысына, бүгін Әзірбайжанға, 13-ші қазан Арменияға іссапары жоспарланып қойған болатын. Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысы өтуі керек еді. Енді Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан мен Қырғызстан басшыларының маңызды басқосуы Назарбаевсыз өтетін болды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Екі министр үкімет басшысынан сөз естіді

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жаратушым Ел басымызга шипа берсин, омири узак болсын !

  • Нурлан says:

    Все мы, когда здоровы, легко даем хорошие советы больным.

  • Асыл says:

    Из всех лекарств лучшее — отдых,отдохните,столько событий было за последнее время

  • Малик says:

    Здоровье – дороже золота

  • Зарина says:

    Аурманыз,сыркаманыз,адеми болып журе бериниз

  • Шохан says:

    думаю возле него лучшие врачи,поэтому переживать не стоит

  • Саламат says:

    Жарайды, бұл бара алмаған екен. Бастысы денсаулығын реттеп алса екен. Тұмау күшейіп тұр ғой қоғамда.

  • Anonymous says:

    Еміңіздің шипасын берсін, Алла. көп тілесі қабыл болады деген үміттемін.

  • Анонимно says:

    Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев
    Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығын тексерген мамандар оның созылмалы дертi қайта өршiгенiн анықтаған.

    • Гүлмира says:

      Оны қайдан білдіңіз? Тұммау екенін Ақорда мәлімдеді ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар