Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Стюардесса ұшақта өзге әйелдің сәбиін өзі емізіп берді

Кішкентай сәбиі бар ана кештен бері әуежайда отырып, Филиппиннен келетін рейсті күткен. Ал бортқа көтерілген кезде сүт қоспасының бітіп қалғанын біледі. Осы кезде 24 жастағы стюардесса Патриша Органо әйелге көмекке келді.

Стюардесса ұшақта өзге әйелдің сәбиін өзі емізіп берді

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ұшақта отырған әйел сәбиінің сүт қоспасы таусылып қалғандықтан жылауға шақ қалған. Бортта қажетті сүт жоқ екенін білген стюардесса оның жағдайына бей-жай қарай алмапты. Себебі өзінің де 9 айлық сәбиі бар. Әйелге көмекке келген Патриша оның сәбиін өзі емізіп беруді ұйғарады.

«Сәбидің анасы сүт қоспасы таусылып қалғанын айтты. Сол кезде өз көмегімді ұсынуды жөн көрдім. Себебі өзі де анамын. Мұның қандай күйзеліс екенін білемін. Өзіңнің аш балаңды тамақтандыра алмағандағы шарасыз халің жаныңа батады», – дейді стюардесса Патриша Органо.

Өз сөзінде Патриша осындай әрекетке барғаны үшін қуанышты екенін айтты. Оның сөзінше, сәбидің анасы көрсеткен көмегі үшін оған риза болып, алғыс білдірген.

«Мен ұшу кезінде өзгенің баласын өзім еміздім. Ана сүті деген – Құдайдың үлкен сыйы. Сол үшін Құдайға алғыс білдіремін», – дейді Патриша.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау