Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорт министрі жас футболшыларды Бразилияға жіберу тоқтатылатынын айтты

Қазақстандық балаларды Бразиялиядағы футбол академиясына аттандыру еш серпіліс әкелген жоқ. Бұл жайлы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлім етті.

4444

Сурет rus.azattyq.org

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Қазақстандық жас балаларды Бразилиядағы футбол академиясында оқыту еш серпін сыйлаған жоқ. Сондықтан қазақстандық жастар Германия мен Нидерландыда жаттығады”, – деді министр.

Оның сөзінше, жас футболшылардың Бразилиядағы оқуына аз ақша жұмсалған жоқ. Алайда балардың ойын деңгейі сол ақшаны ақтады деуге келмейді. Бразилиядан мықты футбол жұлдыздары шыққанымен, олардың оқыту жүйесі мүлде басқаша. Бапкер тек балаларға допты лақтырып жібереді, ал олар қалай ойнаса да өздері біледі.

Сондықтан да, мұндай оқыту жолы Қазақстанға сай келмейді. Осылайша министр, алдағы уақытта Пеленің отанына оқуға жіберу үдерісі тоқтатылатынын айтты.

Талқылау