Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Созыңдар деген бұйрық келді": Нұрболхан Шарапов су тасқыны кезінде Бишімбаев ісін қарап жатқандарға шүйлікті

Танымал әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шарапов су тасқынымен қатар қаралып жатқан экс министрдің сотын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nnurbolkhann/

Өнер иесі сот процесінен фильм түсіру туралы да айтты. 

“Отвлекающий маневр! “Өткенде бүйтiп айттың, сол кезде неғып сөйтпедiң" деген әшейiн болмайтын әңгiме кетiп жатыр. Су тасқынынан фокусты алыстату керек болды. Әйтпесе, адам өлтiрдi, статья бар, үкiм шығаруы керек қой?! Жоқ, созыңдар деген бұйрық келдi. Бишімбаевтың сотын монтаждап, Netflix-ке сатса, ТОП-1-ден түспеуші еді”, – деп жазды әзілкеш. 



Желі қолданушылары қоғамды дүрліктірген екі істі де жібермей бақылап отырғандарын жарыса жазып жатыр. 

“Интернет дамыған заманда ешқайсысынан қапы қалып жатқан жоқпыз. Барлығын көріп отырмыз”, “Соттың су тасқынына қатысы жоқ”, “Жарты жыл бұрын соттың күні белгіленіп қойылды, “Елге екі бірдей қасірет келді”, “Бұл оқиға екінші оқиғаны жауып жатқан жоқ. Екеуі де біздің елдің былығын көрсетіп жатыр. Әділетсіз ақша бәрін шешетінін дәлелдеп, әлемге масқара болдық”, “Нұрболхан, өсекші қатындар сияқты. Сот пен судың байланысы жоқ”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған экс министр Бишімбаевтың соты әлі жалғасып жатыр. 

Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.

 

Талқылау