Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот 21 жастағы Тунис азаматының 71 жастағы швейцариялыққа үйленуіне тыйым салды

Швейцария соты 21 жастағы Тунис азаматының 71 жастағы швейцар әйеліне үйленуден еш қаймықпайтынын анықтаған. Тергеу дерегі бойынша жас жігіт тек азаматтық алу мәселесіне ғана алаңдаған.

file42050460_bad70181

Сурет rus.delfi.lv

Әйел өзінің сүйіктісімен арада ортақ қызығушылықтар бар екенін, ал егер некеге тұрса бұл ешқандай әбестік емес деп мәлім еткен. “Екеумізде рэпті, табиғатта серуендегенді жақсы көреміз” деген ол. Ол екеуі үш жыл бұрын интернет арқылы танысып, тек биыл ғана кездескен. Әйел жігіттің отанына тек үйлену үшін келіпті.

Швейцария заңы бойынша некеге тұрушылар тұрғылықты жері туралы өтініш беруі тиіс. Сосын барып тексеруден өтіп, АХАЖ қызметкері керекті құжаттарды қарап шығады. Егер бәрі дұрыс болса онда мақұлдау үшін сотқа жібереді.

Талқылау