Сомалиде теракт болып кемі 189 адам қаза тапты
Сомали астанасы Могадишода жарылыстан қаза болғандар саны 189 адамға жетті, тағы 200-ге жуығы жараланды.

Сенбі күні халық көп жүретін көшелердің бірінде қонақ үй жанында жүк көлігі жарылды. Көлікке жарылғыш зат қойылған. ТВ ақпараты бойынша, Сомали президенті Мохамед Абдуллахи Мохамед елде үш күндік қаралы күн жариялады.
БАҚ полицияға сілтеме жасап Могадишода екінші жарылыс болғанын жазды. Жарылыс дәл сол ауданда болған, алайда қаза тапқандар жоқ. Құқық қорғау органдары жарылғыш заттар табылған автокөліктің жүргізушісін ұстады.
Жіберіп алмаңыз:
Қырғызстандағы президент сайлауында Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті
NASA: Қазақстан мен Ресей аумағына екі қауіпті метеорит құлауы мүмкін
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"