Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Смартфонның заңды пайдаланушысы тіркеудегі телефонын сата ала ма
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында IMEI кодтарын тіркеу жөнінде баспасөз конференциясы өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Конференция барысында телефон нөмірлерін ЖСН-ға байланыстырып, тіркеудің жолдары ғана емес, сондай-ақ тіркеудегі телефонды қалай тіркеуден шығаруға болатыны жайлы айтылды.
Егер пайдаланушы нөмірі мен телефонын өз атына тіркегеннен кейін, ол смартфонды қандай да бір себептермен қолданғысы келмей, біреуге сатқысы келетін болса, операторларға хабарласып, сол құрылғыны өзінің атынан алып тастауын сұрай алады.
Сонда, тіркеуден шығарылған телефон судай жаңа құрылғы секілді ешкімге байланыстырылмайды.
Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда елде не үшін IMEI кодты тіркеу міндеттелгені жайлы айтылды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан