Телефонды ауыстырған кезде IMEI-кодын ЖСН-ға қалай байланыстыру керек

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында IMEI кодтарын тіркеу жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Оның барысында телефон нөмірлерін ЖСН-ға байланыстырып тіркеудің жолдары және IMEI кодты тіркеудің маңызы туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

IMEI кодты не үшін тіркейді

«Ұялы телефондарды тіркеу туралы ереже «Байланыс» туралы заңға 2016 жылы енгізілген. Бұл заң ұялы телефондарды заңсыз пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ олардың ұрлануын азайту мақсатында енгізілді. Байланыс туралы заңда ұялы телефон құрылғыларын тіркеу рәсімін реттейтін ережелер жазылған. Абоненттер үшін ұялы байланыс абонентін тіркеу тегін жүзеге асырылады. Ұялы байланыс операторларының желісінде жұмыс істейтін абоненттік ұялы құрылғы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін автоматты түрде вокалдық жүйеде тіркеледі және ол сәйкестендіру кодының дерекқорына жіберіледі»,- дейді ҚР телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

Яғни, біздің үш операторымыздың желілерінде жұмыс істейтін барлық ұялы телефондар ЖСН-ға байланыстырылып, тіркелуі тиіс. Олар, кселл, актив, билайн, теле2 және алтел операторлары.

Ал, телефонды тіркеу және қайта тіркеу үшін өтініш беруші өзінің ЖСН немесе БСН туралы мәліметтерді, абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды және тіркелетін құрылғыда пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты көрсетеді.

Мәселен, Билайн операторлы нөмірін тіркеу үшін ұялы телефон қолданушысы 6914 нөміріне өзінің ЖСН-ін жіберуі керек. Бірақ, егер пайдаланушы бұл жолмен тіркей алмаса, Билайн операторының ресми парақшасына кіріп өзінің ЖСН-ін қалдырып кетуі тиіс. Тіпті, болмаса тиісті оператордың кеңсесіне тікелей өзі барып, тіркесе де болады.

Ұялы байланыс нөмірі мен ұялы телефонды тіркеу қоңыраулар мен хабарламаларды тыңдау мақсатында жүзе асырылмайды. Тек телефон иесі мен нөмірдің дәл сол адамға тіркелгеніне көз жеткізу үшін жасалмақ.

Сондай-ақ, тіркеу (қайта тіркеу)және тіркеуден алып тастау мерзімі жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін, ал заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатқа дейін жүзеге асырылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар