Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Скутер тізгіндеген қазақстандық Ыстықкөлде демалып жүрген адамдарды басып өтті

Скутер тізгіндеген қазақстандық Ыстықкөл өзені жағасында шомылып жүрген адамдар тобына келіп соқтығысқан. Қырғызстанда болған бұл жағдайдан бір адам зардап шекті.

663

Фото: tvc.ru

Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.

Оқиға жексенбі күні “Алтын Жай” пансионаты аумағында болған. Скутерді басқарып отырған 31 жастағы ер адам  мас болған.

“Оқыс оқиғадан 1951 жылы туған әйел жарақат алды. Ол 31 жастағы Қазақстан азаматының әрекетіне қатысты шағым түсіруден бас тартты”, – деп хабарлады Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Қырғыз үкіметінің Ыстықкөл облысындағы өкілі Асхан Ақыбаев демалыстың экстремалды түрімен айналысу үшін техникаларды жалға алатын тұлғалар үшін нұсқаулықтарды қатаңдату туралы тапсырма берді.

Талқылау