Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты

Сиви Махмуди жеке өмірін жұрттан жасырмайтын әншілердің қатарында. Алайда әнші жолдасы мен балаларын қайта-қайта елге көрсеткенді ұнатпайды. Себебі тіл-көзге сенеді, қорқады. Бір жағынан, Сивидің күйеуі Аңсар да ел алдына шыққанды қаламайтын болып шықты.

Бұл туралы Аңсар мен Сиви КТК арнасының “Әнім сен едің” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сұхбат бермеймін, себебі көрінгім келмейді. Әлеуметтік желіге де суретімізді сала беруін құптамаймын. Қоймашы деп өзім айтамын. Жылына бір рет салып қояды”, – деп түсіндірді Сивидің күйеуі Аңсар Қажмұханұлы.

Қос ғашық қалай танысып, табысқандарын әңгімелеп берді.

“Көліктің ішінде отырған болатынмын, құрбыларыммен таудан келіп, құрт жеп отырған болатынмын. Жолдасым келді достарымен. Тиісе бастады қыздарға”, – деп еске алды Сиви.

Көп сұлудың арасында құрт жеп отырған қыз Аңсарды бірден баураған.

“Көзі сұлу, еріндері. Қасындағы құрбылары Сивидің жарық сәулесінде көрінбей қалды”, – дейді Аңсар.

Алайда екеуі танысқаннан кейін бірден тіл табысып кетпеген. Тіпті, сол кездесуде бір-бірінің телефон нөмірін де алмаған. Алайда тағдыр оларды бірнеше рет кездестірген. Сөйтіп жүріп табысқан Аңсар мен Сиви бүгінде үш бала тәрбиелеп отырған ата-анаға айналды. Бір қызығы, Аңсар Сивиді өз анасына, ал Сиви Аңсардың өз әкесіне ұқсайтынын байқаған.

“Анар анамызбен танысқаннан кейін, қандай кісі екенін байқадым. Әйелге тән қасиеттері өте көп екен. Ашық айту, жанұялық проблемаларды үйде шешу, сыртқа шығармау. Таза біздің қазақтың салты ғой. Ал ол кезде Сиви кішкене жұлдыз етін, жас қыз ғой. Өзінше, менсінбейтін, әр нәрсеге мойынсұнбайтын. Сол себепті анасы осындай болса, қызының да алысқа бармайтынын түсіндім. Бірінші мамасын ұнаттым”, – дейді Аңсар ағынан жарылып.

Алайда ол кезде ғашықтардың қосылуына кедергілер де жоқ емес-тін.

“Папамыз достарының баласына бергісі келді, Тараздың жігіті болғандықтан қорқамыз деген сияқты нәрселер айтты. Сосын мен жоқ, оны білемін деп дәлелдеп тұрып алдым, өзім қайсар қызбын ғой. Осы жігітке тұрмысқа шықпасам болмайды, осы жігітті жақсы көремін, сендердің достарыңның балалары керек емес деп айттым”, – дейді Сиви.

Сөйтіп қол ұстасқан ғашықтар діттегеніне жетіп, отбасын құрған.

Жіберіп алмаңыз:

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

Талқылау