Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз де адамбыз: Өнер иелері желіде ойына келгенді жазатындарға жауап берді

Желіде жұлдыздар мен оқырмандардың арасындағы жанжалға әлі күнге дейін нүкте қою мүмкін болмай тұр. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген танымалдардың бір тобы ғаламтор тұтынушыларына сабыр сақтап, дөрекі сөйлемеуге шақырды. Мәселен, қазақтың Майрасына жағымсыз пікір жазатын бейтаныс жандардың қарасы көп екен. Оқырмандарының бұл қылығын ұзақ уақыт зерттеген Ілиясова, мынадай шешімге келген.

«Инстаграмдағы тыңдармандарға біздің өкпеміз бар. Оқырмандар білсін, білмесін өнер адамдарына өте дөрекі сөйлеп, қалай болса солай жазады. Кейде оқып отырасың ғой, ақ көңіліңмен ақтарылып жақсы сөз жазып жатсаң, жағымсыз пікір қалдыратындар көп. Оны кімдер жазатынын білесіз бе? Ол жерде күні бойы жұмыс істемей, әке-шешесінің тамағын жеп, ішіп отырған, жұмысы жоқ сондай адамдар жазады деп ойлаймын», – дейді Майра Ілиясова.

Виртуалды әлемде өз оқырмандарынан кереғар пікірді көп еститін өнер иелерінің бірі “Музарт” тобының кенжесі. Желіде Жанәбіловтің жанына бататын сөздерді жазып, қытығына тиген ғаламтор тұтынушыларына әншінің өз айтары бар.

«Әншінің жеке өмірін талқылағандар білімі таяздар деп айтқым келеді. Жаңағы, болмашы нәрсеге бәле іздейтіндер. Қазір жұртқа жағу қиын ғой. Бірдеңе салып жатсаң, біреу бірдеңе деп жатады. Содан кейін сол жерде бір-бірімен қырылып жататын адамдар да болады. Сондықтан, оған мән бермеуге тырысамын», – дейді Кенжебек Жанәбілов.

Оқырмандарымен жиі шайқасқа шығатын жұлдыздардың бірі Шахизада! Әр қадамын желіге жүктеп, аккаунты арқылы дүйім жұртқа ақпарат тарататын әншіні сынайтындардың санында шек жоқ болып шықты.

«Негізі әртіс те адам ғой. Олар да сүйек пен еттен жаралған. Біз де еркелеп, қайда жүргенімізді, не жеп жатқанымызды, асханада жүргенімізді және балалармен қыдырып жүргенімізді салғымыз келеді. Сондықтан, жағымсыз пікір жазып, жүректі ауыртуға болмайды деп ойлаймын», – дейді әнші Шахизада.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел Мүсілім өзіне берілген оқу грантын мұқтаж жанға сыйға тартты (фото)

Алматы облысында қайырымды жандар жағдайы нашар отбасыға зәулім сарайдай үй салып берді (фото)

Нұржан Керменбаев “Қара бала” атауын брендке айналдырмақ (фото)

Мінсіз отбасы: Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі мен ата-енесін мақтап әлек (фото)

Ғаділбек Жаңайдың ғашықтарға арнаған бейнебаяны көптің жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау