Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Қазақстанның кинотертрлар желісі отандық әртістерді америкалық актер Кевин Спейсиден үлгі алып, гомосексуалист екенін мойындауға шақырды.

Фото: Pau Barrena

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған әртіске киноға кіретін бір жылдық абонемент беріледі, деп хабарлайды Sputnik. 

«Батылдық танытып қоғам алдында өзін мәлімдеген ең алғашқы қазақстандық әртіс жыл бойы елдегі кинотеатрларға тегін кіре алады. Бәріміз қатысамыз!», – делінген Chaplin Cinemas киножелісінің ресми хабарламасында.

Chaplin Cinemas өкілдері желідегі барлық хабарламалардың SMM-мамандармен, жетекшілікпен келісілгенін айтты.

Голливуд актері Кевин Спейси бұған дейін өзінің гей екенін мойындап, көпшілікке мәлімдеген болатын. Эллен ДеДженерес, актер Кристен Стюарт, Джим Парсонс, Джонни Депптің қызы Лили Роуз-Депп, музыкант Элтон Джон, Apple компаниясының директоры Тим Кук т.б. өзінің гомосексуалист екенін мойындаған.

Тағы да оқыңыз:

Оралда студент қыз жатақханада асылып қалған

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

Алматы облысында әскери борышын бар жоғы үш күн өтеген сарбаз аяқ-асты қаза болды

Талқылау