Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сингапур мейрамхана мен кафеде темекі тартуға толық тыйым салды

Сингапур билігі мейрамхана, кафе және басқа да қоғамдық тамақтану орындарына темекі шегетін орын жасақтауға лицензия беруден бас тартты.

kurenie-v-restoranah-kafe-avtor-2

Ал бұған дейін берілген рұқсат шешімдері сол шешімнің соңғы мерзіміне дейін жарамды. Қоршаған ортаны қорғау ұлттық агенттігінің мәліметінше, 1 шілдеден бастап негізінен көптеген көңіл көтеру және тамақтану орындары орналасқан Орчард орталық көшесінде темекі шегуге ресми түрде тыйым салынады.

Осы көшедегі барлық мейрамхана мен кафелер келер жылдың 30 маусымына дейін темекі тартуға арналған орындарды жоюы тиіс. Былтырғы жылы ел билігі орман саябақ орындарында темекі шегуге тыйым салған болатын. Аталған тыйымдар бұған дейін сауда орталықтары, медициналық мекеме, қоғамдық көлік аялдамаларына да қатысты енгізілген еді.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, енді темекі сатып алу үшін 18 емес, 21 жас сұралады.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен бейнеролик түсіру кезінде абайсызда өз жігітін атып өлтірді

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе өлім жазасына кесілді

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

Рианна Сауд Арабиясынан шыққан миллиардермен көңіл қосты (видео)

Талқылау