Бойжеткен бейнеролик түсіру кезінде абайсызда өз жігітін атып өлтірді

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 18:00

YouTube желісіне арнап бейнеролик түсіріп жатқан кезде, америкалық қыз байқаусызда жігітін атып өлтірді.

orig-20ec062d-ff7f-49d5-bc74-e3e9ef2b4748-1478502202

19 жастағы Моналиса мен 22 жастағы Педро Руиса YouTube желісіндегі көрермендерінің санын арттыру үшін видео түсірмек болады. Олар  тапаншадан атылған оқтың қалың энциклопедияны тесіп өтпейтінін дәлелдегісі келген.  Жергілікті шерифтің сөзіне сүйенсек, видеоны түсіру барысында Педро кітапты қарсы алдында ұстап тұрады, ал қыз 50-калибрлі тапаншадан оқ атады. Сол кезде оқ кітапты тесіп өтіп, ер адамның кеудесіне тиген.

Қыз бірден 911 нөміріне хабар береді, алайда Педро алған жарақатынан сол сәтте қаза тауыпты.  Абайсызда кісі өлтіргені үшін қыз 10 жылға түрмеге қамалып немесе 20 мың доллар төлеуі мүмкін.  Жұптың YouTube желісіндегі арнасына қарағанда, Моналисаның үш жасар қызы бар екен әрі екінші баласына аяғы ауыр.  Қыз Twitter парақшасында “ең қауіпті видео” түсіретіндерін алдын ала хабарлаған.

Тағы да оқыңыз:

ЭКСПО аумағындағы дәмхана атауы қате жазылып ұятсыз мағына беріп тұр (фото)

Қазақстан ЭКСПО көрмесіне мемлекет қаржысынан 565 миллиард теңге жұмсаған

Алдағы күндері елімізде 40 градусқа дейін күн ысиды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар