Қазақстан ЭКСПО көрмесіне мемлекет қаржысынан 565 миллиард теңге жұмсаған

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 15:27

Сарапшылар атап өткендей, ЭКСПО-ға жұмсалған ақша елдің жанармай-энергетикалық кешенінің дамуына кеткен қаражаттан 30 миллиард теңгеге асып түсті.

2580320

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға  бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.

Сарапшылар атап өткендей, бұл сома елдің жанармай-энергетикалық кешенінің дамуына жұмсалған қаражаттан 30 миллиард теңгеге асып түседі.  Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындыққа бес жыл ішінде 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде Астана қаласы бюджетінен – 1,58 миллиард теңге.

Бұдан бұрын “Астана ЭКСПО — 2017” АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді.  Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2   миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.

Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен.  Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ға 3,6 миллиард доллар жұмсалған екен, ал ең қымбат ЭКСПО Шанхайда өткен, Қытай елі оған 60 миллиард доллар жұмсапты.

Тағы да оқыңыз:

Алматылық төрт абысын «ақылы келін» қызметі үшін қомақты ақы алады (фото)

Тыржалаңаш еркекті видеоға түсірген авторға желі қолданушылары наразылық танытты (видео)

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар