Алматылық төрт абысын «ақылы келін» қызметі үшін қомақты ақы алады (фото)

Бейсенбі, 29 Маусым , 2017 13:46

Алматыда үйіңіздің отымен кіріп, күлімен шығатын ақылы келіндер пайда болды. Олар әуелі баспанаңызды жинайды, шыныларды жалтыратып сүртеді тіпті, кіріңізге дейін жуып беруге әзір. Бірақ, сағатына 20 мың теңгеден жоғары алады.

photo_2

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жаңа кәсіпті туған абысынды-келіндер бастап жатыр. Ер азаматтар не дейді? Көпті көрген әжелер ше?

Келіндердің әр күні басына орамал тағумен басталады. Тапсырысты қабылдаған соң олар үй шаруасын өзара бөлісіп алады. Бірі шаң сүртеді, бірі үй сыпырады, енді бірі мынадай дастарқанды жайнатып тастайды.

95_main

Бұл – төрт абысынның бүгінге жайған дастарқаны. Барлық тағам қолдан жасалған. Бұдан өзге олар бөтеннің үйінде «отпен кіріп, күлмен шығуға» дайын. Өз істеріне арланбайды да. Өйткені, қомақты қаржы алады.

«Қаражаттың төлемі жасалған жұмысқа байланысты. Кейде тек үй жинатады. Қонақ күту. Соңғы кезде тапсырыста варенье жасау жұмыс көлеміне байланысты 20 мыңнан басталады» – кәсіпкер Айнұр Қалкен.

18514263_227598747738819_4508189366861955072_n

Сағатына 20 мыңдық келіндер той-думандарда бір емес төртеуі қатар жүреді. Алды артыңызға түсіп, көңіліңізді аулайды. Сондықтан қалтасы қалың отбасылар кейде алты келіннің келуін талап етеді екен. Әсіресе, ел алдында жүрген азаматтардың «ерке келіншектері» «тырнақ астынан кір іздеп» отырады дейді.

«Біз ондай сөздерге ренжімейміз. Өзіміз әйел болғандықтан әйелдің мінезі сондай болып келеді. Біз ондай сынды дұрыс қабылдаймыз. Жұмыс болған соң сындарды да қабылдау керек» – ақылы келін Анар Жартыбаева.

Ақылы келіндерді бүгінгінің енелері қолдап отыр. Кезінде өздері жаққан қазан ошақты өз перзенттері ұстамаса дейді. Сондықтан болар, жалдамалы келіншектердің көмегіне әжелер жағы мұқтаж.

18514263_227598747738819_4508189366861955072_n

«Егер мен үлкен той жасап жатсам, құдалық шақырып жатсам бір болған мерекеге неге аяймын. Келген қонақтарымның көңілінен шығып жатса».

«Жалдауға болады, жалдаймыз. Ондай адамдар келеді өздері сұрайды. Біз келсек бола ма деп. Ондайда жалдаймыз әрине».

Ал, ер азаматтар жағы «ақылы келінді» құптамайды. Үйіміздегі жетеді дейді. Оның үстіне, дамыған заманда әйел адамдарына бәрі оңай, тек «бір тетікті басу ғана қалды» деген пікірде. Оны да өзгенің жұбайы басса, еркектігімізден не қалды деп отыр.

«Үйді жинап беруге ма? Өзіміз жинаймыз. Әйелім бар ғой. Біреудің әйелін не қылам?»
«Келіншек бар, қызым бар, солар көмектесіп тұрады. Ал андай ақша төлеп ұстауға жалдап отыра алмаймын».

Төрт абысынды келіннің бұл бастамасына тек бейтаныс ер азаматтар ғана емес, өз жолдастары да атынан шошып, қарсы болыпты. Тіпті туыстары түбегейлі рұқсат бермеген. Бірақ, табыс кірген соң ақыры көніпті. Енді олар орталықты ұлғайтуды көздеп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Бір сағаттық келін: Әйелдер жаңа қызмет түрлерін ашып жатыр

Алматы тұрғындары жерді сүріп жатқандарға қарсы шығып, бульдозердің астына түсті (фото)

Америкада тұратын 101 жастағы қазақ әже нағашыларын іздейді (фото)

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар