Сібір жарасы Алматы облысына да жетті

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 21:42

Сібір жарасы Алматы облысына да жетті. Кербұлақ ауданының үш тұрғыны аталған індетті жұқтырған. Абырой болғанда науқастарға дер кезінде шара қолданып, аман қалды, – КТК арнасының сайты.

daafa1f7a9531b92a8bea5c8a0b14808_resize_w_520_h_

Сурет: baq.kz 

Бұл мәселені өз бақылауларына алған аудан прокурорлары өңірдің ветеринария саласында бірқатар заң бұзу фактілерін анықтады.

Анықталғандай Кербұлақ ауданында Сібір жарасына қарсы егілетін вакцилар тек жертөледе сақталып келген. Сорақысы сол, аталған препараттардың құжат бойынша малдарға егілді деп есеп берілгенін прокурорлар анықтаған. Бір ғана Сарыбұлақ ауылдық округіне жүргізілген прокурорлық тексеріс кезінде 30 мыңнан астам  Сібір жарасына қарсы вакцинаның құжат бойынша ғана малдарға егіліп, ал шын мәнінде тек жөртөледе сақталып тұрғаны анықталды.

– “Сібір жарасына қатысты 30 мыңнан астам вакцина табылды. Бұл вакциналар ветеринарлық құжатқа сәйкес 2015 жылы қолданып кеткен. Алайда, айтып өткендей вакциналар іс жүзінде мүлдем қолданылмаған”, – дейді Алматы облысы прокуратурасы басқарма прокуроры Бауыржан Тойбаев.

Ал Кербұлақ ауданында сібір жарасын жұқтырған үш адам Қарашоқы ауылының тұрғындары. Олармен қатынаста болғандарға да толықтай тексеріс жүргізілді. Дәрігерлердің сөзінше індетті жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдардың денсаулықтарынан сібір жарасына қатысты ешқандай белгі анықталмапты.

– “Сібір жарасын жұқтырған 3 адаммен қатынаста болған 104 адам тексерілді. Профилактикалық емдік шаралар қолданды. Қарашоқы ауылының тұрғындары малды сою кезінде сібір жарасын жұқтырған. Қазір олар толықтай ем қабылдап, жағдайлары жақсы”, – Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім меңгерушісі Гүлнәр Жүнісова.

Қазір Кербұлақ ауданының  прокурорлары іс жүзінде қолданылмаған вакциналарға байланысты заң бұзушылықты тергеп, құжаттарды сотқа дайындап жатыр. Ал сібір жарасын Алматы облысынан өзге Қарағанды және Павлодар облысының тұрғындары да аталған індетті жұқтырған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар