Шымкенттік лейтенант студент қыздың киім ауыстырып жатқан сәтін видеоға түсіріп, ақша талап еткен

Шымкенттік лейтенант студент қыздың киім ауыстырып жатқан сәтін видеоға түсіремін деп басы бәлеге қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 жастағы лейтенант колледж территориясында көлік ішінде киімін ауыстырмақ болған қызды видеоға түсіріп, кейін бейнетаспаны таратпау үшін ақша талап етіп, енді сотқа тартылды.  Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының мәліметінше, оқиға өткен жылдың қыркүйегінде болған. Студент қыз дене шынықтыру пәніне бару үшін Chevrolet Cruze көлігінің салонында киімін ауыстырып жатқан сәтінде лейтенант өз көлігімен оның қасынан өтіп, кейін тоқтап, қайта артқа жүріп, қыздың шешініп жатқан сәтін видеоға түсірген.

Жігіт бұл бейнетаспаны ешқайда жарияламау үшін кәмелет жасына толмаған жәбірленушіден бірнеше рет 50 000 теңге беруін талап етіп, ақша алып келгенше кәмелетке толмаған жәбірленушіден қымбат телефонын алып қойған. Кейіннен сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушінің ағасынан “ВКонтакте” интернет желісі арқылы тауып, өзі айтқан ақшаны тауып бермесе интернет желісіне аталған видеоны жариялайтынын айтып, қорқыту арқылы одан да ақша талап еткен делінеді.

“Сотталушы ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектелсін. ҚР ҚК-нің 62-бабының 3-бөлігінің талаптарына сай, жазаны өтеу мерзіміне сотталушының 2017 жылғы 8 қарашадан 2017 жылғы 15 қарашаға дейін уақытша ұстау және тергеу абақтысында қамауда отырған мерзімін бас бостандығынан айырудың бір күні бас бостандығын шектеудің бір күніне тең жаза өтеу барысында есепке алынып, жаза есебіне қоса есептеп, түпкілікті жаза ретінде 3 (үш) жыл 5 (бес) ай 23 (жиырма үш) күн мерзімге бас бостандығынан шектелсін.

ҚР ҚК-нің 44-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталғанға пробациялық бақылау белгіленіп, ол оған уәкілеттік берілген мемлекеттік мамандандырылған органға хабарламай және оның рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын өзгертпеуге, кафе бар, мейрамхана, түнгі клуб, дискотекаларға, құмар ойнау орындарына: ойынханалар, казинолар, букмекерлік кеңселерге, көңіл көтеретін, алкогольдік ішімдіктер ішілетін, таратылатын орындарға бармауға міндеттелсін”, – деп оқыды судья үкімді.  Сондай-ақ, сотталушы жазаны өтеу барысында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 240 (екі жүз қырық) сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тартылды. Оның үстіне, сот оны “полиция аға лейтенанты” шенінен айырды.

Тағы оқыңыз: 

Шымкенттегі өзіне қол салған мұғалімнің інісі де былтыр өзі секілді асылып қайтыс болған

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті

Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар