Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды өзі қолдан жасады

Жұма, 12 Мамыр , 2017 21:47

Пияршы полицей. Бір жылдық жұмысына есеп берген Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханға қала тұрғындары осындай атақ берді. Тіпті кейбірі Шымкенттің бас полицейіне пияр үшін қылмысты қолдан жасайтындығын жеткізді, деп хабарлайды өңірдегі Stan.kz тілшісі.

daniar meirhan

Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан ел алдында есеп беріп, полиция басшылығына өзі келгелі бері қылмыстың азайғандығын айтып мақтанды.

«Есепті кезеңде құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған 87 рейдтік іс-шара өткізіліп, нәтижесінде қылмыстар саны азайған. Атап айтсақ, кісі өлтіру – 8,8 пайызға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 6,5 пайызға, зорлау қылмысы – 48,2 пайызға, алаяқтық – 33,9 пайызға, қарақшылық – 30 пайызға, бұзақылық – 24,5 пайызға төмендеді», – деді Данияр Мейірхан.

Полицейдің жұмысы көңілге қонымды болғанмен, кездесуге келген кейбір тұрғындарға оның пияр үшін жасалатын әрекеттері қызықтырды.

“Сізді пияршы деп атайды. Сіз бұған қалай қарайсыз? Осы сұраққа жауап берсеңіз”, – деді жиынға қатысқан тұрғындардың бірі.

laura2

“Пиярға қатысты менің де айтарым бар. Жақында телеарналардың бірінде сіздің қатысуыңызбен рейдтік жұмыстар туралы материал көрсетілді. Сол видеода сіз құқық бұзған бір азаматты ұстағансыз. Бірақ қала тұрғындары бұл заң бұзушылық әрекетті қолдан жасалған, яғни пияр үшін деп айтады. Енді өз аузыңыздан естісек, айтыңызшы, бұл кеште кімді ұстадыңыз? Құқық бұзған азаматқа қандай шара қолдандыңыз? Қазір ол қайда? Осы іске қатысты қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалды ма?» – деп сұрады екіншісі.

Laura1

Бұл сауалдан кейін пияршы полицей Данияр Мейірхан өзінің әрекетін барынша ақтап алғысы келді. Тәртіп сақшыларына шақыртудың расында болғанын айтқанмен, бұл кеште құрықталған азаматтың үстінен нақты қандай қылмыс қозғалғандығын айта алмады.

Жіберіп алмаңыз:

Б.Сапарбаев үйі қирағандарға 100 мың теңгеден берілетінін жоққа шығарды

Шымкентте бір қызды екі рет алып қашқан жігіт сотталды

Павлодар әкімдігі 108 жастағы ең қарт ардагерді құттықтамай елеусіз қалдырды

Күйеуі 52 жыл отасқан жары қайтыс болғанын естіген соң өзі де өмірмен қоштасқан (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар