Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты

Сейсенбі, 27 Маусым , 2017 14:00

Шымкенттік келіншек өзін дұғалап, отбасының шырқын бұзған құрбысы туралы айтып берді. Сөзіне сенсек, құрбысы мұны қызғаныштың әсерінен жасаған.

рторн

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Мен тұрмысқа шығып, дуаның кесірінен күйеуіммен ажырасып кеттім. 1974 жылдан бастап, 2003 жылға дейін Шымкент қаласында тұрдық. Осы күнге дейін үш баланы бірге тәрбиелеп өсірдік. Ұзақ жылдар бойы Алматыдан тауар әкеліп, оны Шымкенттің базарларында сатып жүрдік. Сабын, ұнтақ деген секілді ол уақытта көп кездеспейтін заттарды саттық. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыз жақсара бастады. Бірақ, бізді жақын құрбым көре алмайтын еді. Өзі қонаққа шақырып алып, артынша тамақ ішкен кезде жақтырмай қарап отыратын. Бір күні басым айналып, жатып қалдым. Тіпті, үйдегі бала-шағама тамақ жасай алмайтын дәрежеге жеттім. Осыған байланысты жолдасым ұрыс шығарып, маған қол көтеруді шығарды. Ақыры ажырасып тындық. Дәрігерлер күйзелістің салдарынан болған шығар деп болжады. Үй жинап жүріп төсек пен табалдырық астынан сынған инелерді тауып алдым. Жаңағы араласып жүрген құрбымнан өзге үйге ешкім келмейтін еді. Мені сол дуалады”, – дейді Қарлыға Әмитова.

Қарлыға ханымның сөздерін емші Құралай Тезекбаева да растап отыр. Айтуынша, келіншекті біреу дұғалап, бүгінде денсаулығы осы дұғаның әсерінен сыр беріп жүр.

“Қарлыға секілді әйел адамдар маған көп келеді.  Сол кезде “Сіз екі қолыңызды аяғыңыздың ортасына салып, теріс қарап ұйықтайсыз ба?” деп бірден сұраймын. Адамның дұғалануының бірінші себебі осы. Осылай жатқан адамды түртіп оятсаңыз, шошып оянады. Үшіншіден, бұл адам үйіне асығып тұрады. Қазір ұялы телефон деген нәрсе шықты. Соның көп кесірі болып жатыр. Қазірдің өзінде мен Қарлыға ханымның бойына дұға түскенін көріп отырмын. Тіпті, дұғаның сіңіп кеткеніне 5-6 жылдың көлемі болған.

Мен жалпы мұсылман халқы қара дұға жасайды деп ойламаймын. Сол себепті, бұл нәрсе орыстардан келген болуы керек… Дұғаланған адамның көзінің қарашығы жоғарылап кетеді. Меніңше, бұрын Қарлыға ханым толықтау болған. Дұға деген нәрсе бірінші адамның терісіне түседі. Теріден кейін етке өтеді. Осыдан кейін адамның жүрегі мен бүйрегі зақымдалады. Мысалы, мына кісінің оң жақ бүйрегінде үлкен тас бар. Жатырында да өте үлкен өзгеріс бар. Жүйке тамырлары да қатты тозып кеткен. Ақырында дуа адамның сүйегіне өтіп, жындыханаға түседі”, – дейді емші Құралай Тезекбаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты

Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады

Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар