Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты

Нәзира Юсупова есімді астаналық келіншек осы уақытқа дейін отандық бағдарламаға келіп, күйеуін тартып алған келіншек туралы айтқан болатын. Сөзіне сенсек, Мәдина Кемпірекова 5 бірдей әйелдің күйеуін кезегімен тартып алған.

рпиаа

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Әлгі Мәдина күйеуін тартып алған үшінші келіншек мешітке келіп, арамызда үлкен жанжал болды. Осы 12 жыл ішінде бұл әйел бес ер адамның басын айналдырып, отбасыларының шырқын бұзып отыр. Өзімен бірге тұратын анасы ақыл айтудың орнына, оны қолпаштап отыр. Тіпті, бағдарламадан шыққаннан кейін “Бағдарламаға барып жақсы сөз естідіңдер ме? Сендерге барлығы күліп қарады емес пе?” деп бізді кекетті. Намысқа тырысып бүгін осы жерге қайта келіп отырмын. Менің басты мақсатым – күйеуімді қайтарып алу емес, мешіттің алдында тыныштық орнату. Әйелдердің барлығы осы Мәдинаға бола мешіттің алдында қырылып жатыр. Ал күйеуімнен қатты қорқамын. Одан, тіпті, балаларыма ақша сұрағым келмейді”, – дейді Нәзира Юсупова.

Аталған бағдарламаға Мәдина Кемпірекованың өзі келіп, өзінің осы күнге дейін тек бір ғана ер адамның бірге тұрып келгенін айтты.

“Бағдарламаны көрген соң, іштей қиналып кеттім. Осы күнге дейін ешкімнің күйеуін тартып алып, жамандық жасап көрмеппін. Нәзира күйеуімен бірге біздің қораға 10 жыл бұрын келіп қосылды. Сол жерде Клара, Мәкен деген кісілермен бірге тұрдық. Нәзираның аяғы ауыр болған соң, тамыз айында перзентханаға кетті. Мен қыркүйек айында босандым. Сәбиі қырқынан шыққан соң бұл із-түссіз бір аптаға жоқ болып кетті. Ал айтып отырғандарының барлығы өтірік. Жолдасын танитыным, ағалы-қарындас болып араласатыным рас. Бірақ, сіздер айтып отырғандай қарым-қатынас болған емес арамызда. Қалған төрт келіншекті мүлдем танымаймын. Бәлкім, барлығы мені іштей қызғанатын шығар?!” – дейді Мәдина Кемпірекова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Келіншек күйеуінің жұмыстан келгенше тамақ жасап қоймайтынын айтып ренжіді

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

Астаналық келіншек 8 жылдан бері алименттен қашқан күйеуін іздеп жүр

Талқылау