Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты

Сейсенбі, 27 Маусым , 2017 13:02

Астана қаласының тұрғыны өзін “дуалап тастаған” абысыны туралы айтып берді. Осы дуаның салдарынан оны күйеуі 10 жыл бойы аяусыз ұрып келген екен. Айтуынша, күйеуінің өзіне қол көтеруіне нақты бір себеп болмаған. Тіпті, күйеуінің өзі не себепті қол көтеретінін түсінбейді екен.

жюджю

Бұл туралы  “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Шымкенттен Астанаға көшіп келгеніме 15 жыл болды. Аллаға шүкір, намаз оқып, ораза ұстаймын. Қазір күйеуіммен ажырасып кеттік. Ол кісінің басқа отбасы бар. Әрине, біреудің сыртынан ғайбат айтқан дұрыс емес. Бірақ, мен тек басымнан өткен оқиғаны баяндамақпын. 1992 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым мені үйге алып қашып келіп, “Ең үлкен абысыныңа сырыңды айтпа. Ол дуамен айналысады” деп ескерту жасады. Мұндай нәрсемен бұрын-соңды бетпе-бет кездеспегендіктен, жолдасыма аң-таң болып қарап тұрып қалдым.

Бір айдан кейін жаңағы Рахима деген үлкен абысыным қонаққа шақырды. Барғанымызда ол маған бал ашты. “Өмірде көп қиыншылық көресің. Осыларды өткерген соң ғана бақытты боласың” деп айтты. Сол үйден ертесінде менің әпкемнің үйіне қонаққа баратын болдық. Қайын әпкем шашымды кесіп берген еді, жаңағы абысыным жақтырмай тағы да шашымды кесті. Кейін әпкемнің үйіне қарай шығып кеттік. Осы оқиғадан кейін арада бір ай уақыт өтті. Қайын әпкем, енем үшеуіміз отырғанымызда жолдасым келіп мені доптай тепкілеп тастады. Мұның барлығы жаңағы дуаның әсерінен болды. Қайын атам осы сәтте арамызға түсіп, мені әпкемнің үйіне әкеліп тастады. Кешке жақын күйеуім келіп кешірім сұрап, не болғанын өзі түсінбей қалғанын айтты. Алып қашудың осындай зардабы бар. Он жыл ішінде біреуіміз аспанға, екіншіміз жерге қарап өмір сүрдік. Ақыры ажырап тындық. 10 жыл бойы таяқ жеуіме дуа себепші болды деп ойлаймын”, – дейді Ақмаржан ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады

Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты

Атыраулық жігіт кейіпкерлерге пародия жасап, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Келіншек күйеуінің жұмыстан келгенше тамақ жасап қоймайтынын айтып ренжіді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар