Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол апатынан қайтыс болған ер адамның ата-анасы полицейлерге кешірім берді

Шымкентте жол патрульдік қызметі полкінің қызметкерлері ірі жол апатынан көз жұмған Ерсайын Әбіловтың ата-анасынан кешірім сұрап, оларға көмек көрсетті.

мч

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға орын алған соң, жол апатына себепкер болған полицейлер қызметтестерімен бірге зардап шеккен азаматтың үйіне келіп, туыстарымен кездесіп кешірім сұрады. Олар жағдайдың қалай болғанын, неліктен жаза басқандарын түсіндіріп берді.

Ерсайын Әбілов жансақтау бөлімінде жатқан кезде, барлығы сауығып кетер деп үміттенген еді.

Еске сала кетсек, біраз уақыт бұрын Шымкент көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған жүргіншіні қуған тәртіп сақшылары, көшеде кетіп бара жатқан азаматты қағып кетіп, ол аса күрделі жарақатпен ауруханаға түскен еді. Өкінішке орай, зардап шегуші ұзақ уақыт есін жинамағаннан кейін қайтыс болды.

Талқылау