Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен 14 жасар оқушы табылды

Шымкент полициясы 14 жастағы Лилия Ахметованы аман-есен күйінде тапты деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

лилия

17 маусым күні Әл-Фараби ІІБ 36 жастағы әйел қызының 15 маусым күні үйден шығып кеткеннен қайтып оралмағаны туралы шағым түсірген еді. 2002 жылы туылған Лиля Ахметова қаладағы № 34 орта мектептің 8 сыныбын бітірген. Қызды іздеу жұмыстарына ОҚО ІІД барлық жеке құрамы жұмылдырылған еді.

«21 мусым күнгі жедел іздестіру жұмыстары кезінде ОҚО ІІД-ның криминалдық полициясы 14 жастағы іздеуде жүрген қызда аман-сау күйінде тапты. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілгеннен кейін полиция қызметкерлері Лилия Ахметованы ата-анасына қайтарды»,-делінген хабарламада.

Қазір облыстық полиция қызметкерлері осы оқиға бойынша тергеу-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Талқылау