Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалға берілетін пәтер иесі төсек астынан мәйіт тапқан

Шымкентте жалға берілетін пәтердің иесі төсек астынан мәйіт тапқан, кісі өлтірді деген күдікпен 22-жастағы азамат тұтқындалды.

nozh_ubiystvo

Сурет novayagazeta-ug.ru сайтынан алынды.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте жалға берілетін пәтердің иесі кереуеттің астынан мәйіт тапқан, кісі өлтірді деген күдікпен 22-жастағы азамат тұтқындалды.

Ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне, 8 мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген ер азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.  Оқиға орнына жеткен полицейлердің анықтағаны, 59-жастағы жалдамалы пәтердің қожайыны тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кереуеттің астынан дене жарақаттарын алған ер азаматтың мәйітін тапқан. Жәбірленуші 1984 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны.

Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1994 жылы туылған облыс орталығының тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Күдікті істеген қылмысын толығымен мойындап отыр.

Полицейлердің анықтағаны, сол күні ер азаматтардың арасында жанжал орын алып, нәтижесінде күдікті өзінің танысын буындырып өлтірген. Жас жігіт мәйітті кереуеттің астына жасырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда орын алған қылмыс жан-жақты тексерілуде. Күдікті қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Талқылау