Шымкентте “Қыз әулиеге” түнегендер сол бойы тұрмысқа шығып, пәтерге қол жеткізген

Сенбі, 20 Тамыз , 2016 9:11

Түні тез таусылып, таңы жылдам ататын жаздың ұзақ күнінде әулиелі де киелі орындарға зиярат етіп, Алладан тілек тілеушілер қатары арта түседі. Мұндайда Оңтүстікке ағылатын адам көп. Өйткені сансыз бабтар мекенінде жол ашатын, түйінді тарқатып, ісіңіздің алға басуына септігі тиетін, саулығыңыздың сақталуына жәрдем ететін рухтар мол. “Қыз әулие” сынды киелі жерге түнегендер көп ұзамай тұрмысқа шығып, бақтары ашылған екен. Тіпті, көптен аңсаған пәтеріне қол жеткізгендер де бар. Толығырақ автордың өзі басынан өткен таңғажайып оқиғаларын баяндап берді.

photo_192654

Бұл туралы Замана басылымы хабарлайды.

Тұңғышымды босанғаннан кейін мен жарты жылға дейін жүре алмай қалдым.  Дәрігерлер денсаулығымнан ешқандай кінәрат таппады. Ал мен бесіктен әлі шықпаған сәбиімді көтермек түгілі, жанына өзім бара алмай, төсекке таңылып жаттым. Бір мал сойып, құрбандық шалғаннан кейін ата-бабалар рухына бағыштап оқыл­ған Құранның қасиетті құдіретінің арқасы болар, жас балаша тәй-тәй басып жүруге жарадым. Дегенмен, денсаулығым толық қалпына келді дей алмаймын. Кіндіктен төмен тұста пайда болған түймедей түйін суланып, үлкейіп бара жатты. Екі жылда түйін жаңғақтың үлкендігіндей болып, жүріп-тұруым тағы қиындай түсті.

Дәрігерлер айтқан амал да, халық емі тәсілдері де әсер етпей,  түзелуден күдер үзгенімде ортаншы әпкем Шымкенттен Таразға шығар жолдағы Қыз әулие жатқан жерге барып көрейік деген ұсыныс айтты. Естуіміз бойынша, үйден ұн мен тартылған ет ала шығып, әулиелі жерде түшпара түйдік. Сондағы қазан-ошаққа от жағып, түшпараны пісіріп, келген көпшілікке тарата отырып Құран оқыдық. Алланың жол беріп, әулиенің демеуі ме, осы бір амалдан кейін менің бойымдағы түйін бір апта ішінде өздігінен кетіп қалды. Ел аузындағы: «Қыз әулиеге барғандар түшпара түйіп, Құран оқыса, бойындағы, өміріндегі түйіндер тарқатылады екен», – деген әңгіменің растығына осылай өзім көз жеткізгенмін.

Сіңлім кесарь тілігі арқылы босан­ған еді. Үш жыл өтсе де пышақ тиген жері суланып, жарасы еш жазылмай қойды. Ол аздай, тіліктің ұзына бойына қатарынан жеті түйін шығыпты. Алғашқы тәжірибеміз бойынша шешуші рухтар жатқан жерге барып тағы да түшпара түйдік. Астан шағын ғана екі бөлме тола келушілер ауыз тиіп, Құран оқылды. Көріпкелдік, емшілік қасиеті бар жандар бұл жерге келген адамдардың өмірдегі, жеке ісіндегі түйіндері тарқатылып, істері алға басатыны жайлы көптеген мысалдар айтып жатты. Бір апаның айтуымен, сол жердегі «Шешуші ата» деп жазылған зират жанындағы биік өскен көк шалғынға жатып, жеті рет аунадық, қасымызда қарап тұрған апа сіңліме: «Қорықпа, қызым, түйінің тарқады», – деді. Ал маған: «Ойпырмай, тіл-көзге тез ілігетін қыз екенсің. Жолың жабылып-ақ қалған екен. Шынжырларың үзіліп, кісендерің кесілді. Ниетің қабыл болды, ісің оңғарылады енді», – деді.

Айтқанындай, осы бір амалдан кейін сіңлімнің түйіндері бір апта ішінде кетіп қалды. Ал мен көп ұзамай баламды балабақшаға орналастырып, жұмысқа шықтым. Үйді атыма аудару мәселесі де көп әуреге салып жүрген еді. Бір ай шамасында кезінде дұрыс емес деп қабылданбай қойған құжаттарым қайта тексеріліп, баспаналы болып шыға келдім.

Ел ішінде тұрмысқа шықпай, оң жақта отырып қалған қыздар Қыз әулиеге зиярат ете барса бағы ашылып, күйеуге тиіп кетеді деген түсінік бар. Бірақ бірнеше рух жатқан киелі жердің қасиеті бұл ғана емес екенін мен жақсы білемін. Ісі алға баспай, ойға алғаны орындалмағандар, түрлі кедергілерге тап болып, әуре-сарсаңға түскендер, тіпті жала отына күйгендер де шын ықылас-ниетімен бас бұрса, ондағы шешуші рухтар жолын оңғаратыны анық. Оған мысалдар жетіп-артылады.

Ал жасы келсе де жарасымды жұбын таба алмаған жан алғашқыда жеті шелпегін пісіріп барып, зиярат барысында бойын, рухын тазартып қайтады. Екіншісінде жолына кедергі болып тұрған түйіні тарқатылуы үшін түшпара не манты түйе барса дұрыс делінеді. Ал үшіншісінде сондағы шырақшы апа ұлды – үйлендіргелі, қызды – ұзатқалы жатқандай жол-жобасын жасап, тақия мен сәукеле кигізіп, уағызын айтады. Батасын беріп, «Артыңа қарама, қалқам», – деп шығарып салады. Тап осылай араға апта сала үш рет барып, өткен жылы отыздан  асқан құрбым, биыл туыс сіңлім отбасылы болды. Екеуі де бүгінде танысқан жігіттің ойланайын, танысып-білісейік дегеніне қаратпастан сырға салып, апта ішінде ұзатып алып кеткенін айтып, Қыз әулиенің шарапаты шынында да керемет деп отырады.

Әулиелі мекенге екінші рет барғанымда Сайрам ауданының Қарасу ауылында тұратын түрік әйелдің 29-дағы ұлын ертіп барғанына куә болғанмын. Оның үлкен ұлы түрлі себеппен екі рет ажырасқан екен. Бұған қатты алаңдаған анасы ұлын Қыз әулиеге зиярат етуге ертіп барып, сол жерде жеті шелпек пісіріп, мантысын түйіп, шырақшы апаға Құран оқытып, жиналған көпшіліктен бата алады. Көп ұзамай түсінде баласының бетінің оң жағында тарыдай мең бар, кең маңдайлы бір қызға үйленгенін, оның өзіне инабатпен шай құйып беріп отырғанын көреді. Мұны балам теңін тапса екен деген арманынан көрген жай түс деп қоя салған. Арада екі айдай уақыт өткенде алыс ағайындары көршісінің ибалы да пысық бойжетіп отырған қызы барын айтып, суретін көрсеткенде түсінде көрген келінін танып, құда түсіп барыпты. Бүгінде екі немеренің әжесі атанып отырған ол енді екінші баласының бағы ашылуын тілеп келіп отыр екен.

Негізі Қазақстанда «Қыз әулие» деген рух қонған бірнеше киелі мекен (Ақтөбе обдлысында, Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында) бар. Олардың бәрі де жаугершілік заманда ер-азаматтармен бірге елі мен жерін қорғау үшін атқа қонып, жанын қиған, халықтың бірлігі мен берекесі сақталуы үшін жанталасқан ержүрек қыздар делінеді. Ал мен Шымкенттен Таразға шыға беріс жолдағы, Сайрам ауданына жақын жатқан Қыз әулие мен оның жанындағы жол ашушы рухтар туралы айтып отырмын. Білетіндер бұл жерде бірнеше қасиетті адам жерленгенін айтады. Алладан тілеп, олардың рухтарына тағзым ете барған пенделердің өнердегі, қаламдағы, қызметтегі, саудадағы, дәулеттегі, отбасындағы қиындықтары оңды шешімін табатынын естіп, көріп-біліп жүрміз. Қыз әулие мен ондағы жол ашушы рухтарды халық тектен-тек тағдырдың қиын түйінін шешуші әулие деп айтпайды екен, соған көзім жетті.


Жіберіп алмаңыз:

Психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты

Жапонияда ажырасқан әйелдерге жарты жыл тұрмысқа шығуына тыйым салатын заң өзгертілді

Еврей қызы тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін $19 мың шамасында айып төледі

Рано Омароваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Аягөзде қай жерінде қалай аталады екен кім біледі

  • Анонимно says:

    Ақтөбе қаласының қай жерінде екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар