Психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты

Сенбі, 6 Тамыз , 2016 15:10

Әдетте бойжеткендер тұрмысқа шығудың өмірдің мәні еместігін армандары орындалған соң бірақ түсінеді. Себебі, олар отбасылық өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет кездеседі. Десе де, отбасылық психологтар отырып қалған қыздарға жылдам тұрмысқа шығудың құпиясын ашты.

fa5afb0e-99e7-45d6-9142-d37b97190eb3

Сурет: Дулат Сепбосынов

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кез келген қарым-қатынастың өзіндік ережелері бар. Сол секілді ғашықтар арасында да белгілі бір заңдылықтар сақталуы тиіс. Олар төмендегідей:

Біріншіден, сіз әрдайым бақыттысыз. Жігітіңізге кейде қатты немесе жұмсақ сөйлеуіңіз мүмкін. Бірақ, қандай жағдай болмасын сіз іштей бақыттысыз. Үнемі күлімсіреп, қуанып жүресіз. Ешуақытта оған шағымданбайсыз әрі ешкімді жамандамайсыз. Кез келген жерде өзіңізді мәдениетті етіп көрсетуге тырысасыз.

Екіншіден, сырт келбетіңізге ерекше мән бересіз. Жағымсыз әдеттерден бойыңызды аулақ ұстайсыз. Белгілі бір спорт және би түрімен айналысасыз. Мұнымен қатар, талғаммен киінесіз. Үшіншіден, жігіттермен қарым-қатынасыңыз жақсы. Бірақ тұрмысқа шығуға аса асықпайсыз.

Ер адамдар табиғатынан “аң аулауға” құмар келеді. Нағыз ер азаматтар сүйіктісінің жүрегін жаулап, оны өзіне қарату үшін біраз еңбектенгілері келеді. Ал байқаусызда екі билет алып, өздері киноға шақырып, өздері хабарласатын қыздарды жігіттер көп ұната бермейді. Сондықтан сіздердің қарым-қатынасыңыз бірінші кезекте оған керек болуы тиіс. Яғни тұтқаны сіз емес, ол бірінші қояды. Бірінші болып өзі жазады.

Алғашқы кездесудің де маңызы зор. Жігітке тесіліп қарап, оған шексіз ғашық екеніңізді көрсетудің қажеті жоқ. Мұнымен қатар, жігіт сізді бір жерге шақырса, ішіңізден беске дейін санап барып келісіміңізді беріңіз.

Ең басты ереже – сіздің қолыңыз бос емес! Сіз қай кезде де “Қолым бос” емес деп жауап беруіңіз керек. Сол кезде оның сізге деген қызығушылығы артып, уақытыңыздың бір бөлігін иемдену үшін түрлі романтикалық әрекет жасайтын болады.


Жіберіп алмаңыз:

Астаналық Баян Есентаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Жапонияда ажырасқан әйелдерге жарты жыл тұрмысқа шығуына тыйым салатын заң өзгертілді

Еврей қызы тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін $19 мың шамасында айып төледі

Рано Омароваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Осы пикирге косылам!

  • Анонимно says:

    Мұндай ұстанымды ұстана берсең точно отырып қаласыңғой))). Мынаны айтқан психолог тым қияли сияқты.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар