Еврей қызы тұрмысқа шығудан бас тартқаны үшін $19 мың шамасында айып төледі

Сәрсенбі, 3 Ақпан , 2016 9:39

Иерусалимдік еврей қызы тойға  екі апта қалғанда, күйеуге шығудан бас тартқаны үшін бұрынғы жігітіне ақшалай айып төлеуге міндеттелді.

2100

Істі қараған удья неке келісімі шартын бұзған 19 жастағы  қыз күйеу жігіттің материалдық шығындары мен моральдық зардап шегуінің өтемақысы ретінде оған 60 мың шекелей (15 мың долларға жуық)  ақша төлеуі тиіс деп үкім шығарған. Бұған қоса, қалыңдық соттың 15 мың шекелей (3,8 мың доллар) мөлшеріндегі шығынын да өтеуге міндеттелді.

Істі қарау кезінде қыз бұғандай шешім қабылдауына жігіттің өзіне күш көрсетуі себеп болғанын айтқан. Бірақ сот одан қандай да бір дәлел сұрады. Қалыңдықта ешқандай дәлел болмай шықты. Ал жігіт болса телефонындағы хаттарды көрсетіп еш кінәсі жоғын дәлелдеуге тырысқан.

Сот қыздың әрекетін жеңілтектікке бағалап,оны тұрмысқа шығуға мәжбүрлей алмайтынын айтқан.

Бас қоспақ болған еку ультра ортодоксалды еврей қауымдастығынан екен. Олар бір-бірлерімен жекжаттары арқылы танысқан.  Сөздері жарасқан жастар араға бірнеше айды сала отырып той жасауды жоспарлаған еді. Алайда,соңы осындай жағдаймен аяқталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар