Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкерлер нан бағасының өсуіне бола шу шығарған адамдарға таңқалды

Шымкентте нан қымбатады. Бұған дейін 45 теңгеден сатылып келген ас атасы енді 50 теңгеден жіберіліп жатыр. КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл бөлке нан бағасының жыл басынан бері екінші рет өсуі.

птпт

Сурет khabar.kz

Бағаның бірден 5 теңгеге көтерілуін шенеуніктер облыстағы дотациялық ұнның таусылуымен түсіндіріп отыр. Яғни, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасы, зейнеткерлер мен мүгедектер сынды әлеуметтік аз қамтылған топтар үшін көмек ретінде наубайханаларға беріліп келген ұн енді жоқ.

Ал шығынға жұмыс істемейміз деген кәсіпкерлерді тыңдаған шенеуніктер ақыры нан бағасын көтеруге келіскен. Күнгейде бір бөлкенің ендігіде 50 теңгеден кем тұрмайтынын ауыл шаруашылығының мамандары былтыр болжаған еді.

“45 теңгеден сатып аламыз, 50 теңгеден сатамыз. Ағы да, қарасы да, сұры да 5 теңге. Бәріне 5 теңгеден қосылды. Автобустар да қымбаттап жатыр. Жолақысы, бензин қымбаттап жатыр. Ұн да қымбаттап жатыр. Бұған жұрт неге таңқалмайды?”, – деді сатушы Гүзел Халниязова.

Талқылау