Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам әжесін зорламақ болған танысын ұрып өлтірді

Шымкентте сот 44 жастағы Игорь Земзюлин қатігездікпен әдейі адам өлтірген қылмысы үшін 9 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

draka

Сурет: www.e-crimea .info 

Земзюлин бұған дейін де сотталған. Алайда, ол жазасын өтеген. Оны танитындардың айыпталушы туралы тек жақсы мінездеме жасағаны сотта ескерілген. Енді ол ішімдіктің кесірінен тағы бір қылмыс жасады.

Былтырғы жылдың наурыз айында туыстары жұмыссыз жүрген Земзюлиннен науқас әжейді қарауды сұрайды. Бұған келіскен ол жұмысын тиянақты атқарып жүрген. Тек арасында көшеге шығып келетін. Бір күні ол көшеде жас жігітпен танысып, онымен ішімдік ішеді. Ақырында, жігітті ауырып жатқан туысқан әжеснің үйіне шақырады. Үш күннен кейін осы үйде адам өлімі болады.

Ұйқысынан оянған Земзюлин науқас әжені зорламақ болып жатқан танысын көреді. Сол сәтте жігітті ұрып-соғып өлтіруге дейін барады. Кейін көршілерінің есігін қағып, адам өлтіргенін, сондықтан полиция шақыртуын сұрайды.

Қайтыс болған жігіттің жеке тұлғасы анықталған. Алайда оның туыстары  болмай шықты. Айыпталушыға 9 жыл жазасын өтеуге тура келеді. Науқас әжей болған оқиғадан кейін бір айдан кейін көз жұмған.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте күйеуі әйелін балтамен ұрып өлтірді

ШҚО-да ер адам танысын шеге суыратын құралмен ұрып өлтірді

Талқылау