Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент шенеуніктері жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін көрсетті (видео)

Шымкентте жер сілкінісі кезінде істелуі тиіс жаттығулар көрсетіліп, оған қала әкімдігі аппаратының қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мамандары мен медициналық қызметкерлер қатысты.

Безымянный

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала сейсмоқауіпті аумақта орналасқандықтан тұрғындар мен қызметкерлер табиғи апатқа кез-келген уақытта дайын болуы керек.

Алғашқы дабыл дыбысынан кейін-ақ әкімдік ғимараты ішінде аласапыран жүгіріс басталып кеткен.

“Біздің өңір жер сілкінісі қауіптілігі тұрғысынан қауіпті аймақ болып есептеледі. Сондықтан оның қаупі үнемі бар. Күндіз немесе түнде де табиғи оқыс жағдай басталып кетуі мүмкін. Сондықтан біз қаланың потенциалын көтеру үшін осындай жаттығулар өткізіп жатырмыз. Адамдар жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін білуі керек”, – деді “Шымкент” жобасының координаторы Гүлмира Қожабаева.

Оқи отырыңыз:

2017 жылғы Рамазан айына арналған Ораза ұстау кестесі

Ақтөбеде тасқыннан үйі қираған жұртқа 100 мың теңге өтемақы берілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы қымбатшылықпен күресуге кірісті

Павлодарда жоғалған келіншектің ұлына туыстары таласып жатыр

Талқылау